Зоофразеологизмдердің мотивациялық негізіндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер (қазақ және түрік тілдері бойынша )

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.04
        105 326

Аннотация

 

Мақала қазақ және түрік тілдеріндегі зооним компонентті фразеологизмдерге арналған. Түркі халықтарының дүние бейнесін қабылдаудың ұлттық-мәдени ерекшелігі зоофразеологизмдерден көрінеді. Қазақ және түрік тіл білімінде зоонимдік фразеологизмдер мағыналық-құрылымдық, этнолингвистикалық, когнитивтік тұрғыдан ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылса да, бүгінгі күні зоофразеологизмдерді тіл мен мәдениет сабақтастығы тұрғысынан туыс тілдер арасында салыстыра зерттеуді маңызды деп есептейміз. Түркі зоофразеологизмдерінің семантикасы тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен наным-сенімдеріне қатысты лингвомәдени ақпаратты көрсетеді. Мақалада түркі тілдеріндегі жануарлар атауы қолданылатын фразеологиялық бірліктердің мотивациялық негізіндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер анықталады. Зерттеудің мақсаты - зоофразеологизмдердің семантикалық құрылымын лингвомәдени тұрғыдан талдау. Алдымен екі тілдегі фразеологиялық сөздіктер бойынша атқа байланысты тұрақты сөз тіркестері жинақталып, мағынасы көрсетіледі, зоофразеологизмдердің мотивациялық негізінің түркі халықтарына ортақ және ұлттық сипаты талданады. Зерттеу барысында талдауға алынған зоофразеологизмдердің астарында белгілі бір ұлтқа ғана тән этномәдени код анықталады. Түркі зоофразеологизмдерінің мән-мағынасы мен мотивациялық негізін зерделеу түркі тілдерінің лексикалық қорында маңызды дерек болып табылады.

Тірек сөздер: зооним, зоофразеологизм, зоонимдік код, этномәдени код.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Rayeva А. (2021). Зоофразеологизмдердің мотивациялық негізіндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер (қазақ және түрік тілдері бойынша ). ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 99(4), 34–44. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.04

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ