ШЫҰ-ның кеңеюі: Иранның қосылу контекстіндегі мәселелер мен перспективалар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v100.i1.07
        101 85

Аннотация

Бұл мақала ШЫҰ-ның  проблемалары мен кеңейту перспективаларын қарастырады. Үндістан, Пәкістан және Иранның ШЫҰ құрамына қабылдануы аталған ұйымның геосаяси перспективада дамуына әсерін береді. Ұйым ішіндегі стратегиялық, әскери-саяси ынтымақтастықтың форматы екі жақты қатынастардың басымдығы болып табылатынына қарамастан, ШЫҰ институционалдандыру перспективаларына ие болып табылады.  Қазіргі уақытта ШЫҰ ішінде геосаясат тұрғысынан күштер теңгерімінің ығысуы жүруде, сондай-ақ тараптар экономикалық ынтымақтастықтың басымдықтарын белсенді түрде алға жылжытуда. ШЫҰ алдында өңірлік алаң негізінде институционалдандыру үрдісінен өтуіне ынтымақтастықтың қолданыстағы режимін сақтау дилеммасы сақталып отыр. Әскери-саяси қатынастардың даму спектрінде бір жағынан Ресей Үндістан, екінші жағынан Қытай мен Пәкістан арасындағы қатынастардағы күштер тепе-теңдігін ауыстыру маңызды рөл атқарады. Ромбтың ынтымақтастығы шеңберіндегі Үндістанның дипломатиялық қарым-қатынастың белсенділігі, сондай-ақ Қытай-Ресей стратегиялық серіктестігінің күшеюі осының бәрі қазіргі Кво мәртебесінің өзгеруіне әкеледі. Тағы бір маңызды аспект Экономикалық ынтымақтастық болып табылады, онда Ресей мен Қытай ЕАЭО-ны және ШЫҰ сарапшыларының бірқатары осы стратегиялық диалогты күшейту алаңы ретінде Белдеу мен жолды түйіндестіру туралы идеяларды қарастырады.

Жүктелулер

Как цитировать

Kondapalli, S., Delovarova, L., & Yermekov, A. (2022). ШЫҰ-ның кеңеюі: Иранның қосылу контекстіндегі мәселелер мен перспективалар. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 100(1), 63–72. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v100.i1.07

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ