Ортағасырлық түркі әдеби тілінің атауына қатысты кейбір мәселелер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.02
        75 464

Аннотация

Кез-келген халықтың әдеби тілінің даму тарихы бар. Түркі халықтарының әдеби тілі де бірнеше кезеңдерден өтіп, бүгінгі күнге дейін жетті. Қараһандықтар билігі тұсында түркі тіліне араб, парсы сөздерінің енуімен Ислам өркениеті аясындағы ортағасырлық түркі әдеби тілі қалыптасты. Мәурәннәһір, Хорасан және Орталық Азияны мекендеген түркілердің ортақ әдеби тілі ХХ ғасырдың басына дейін жалғасты. Түркі әдеби тілінің соңғы мың жылдық тарихын дәуірлеуде ғылымда ортақ пікір қалыптасқан жоқ. ХV-ХVІ ғасырлардағы түркі әдеби тілін   ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан «шағатай тілі» деген атаумен атау белең алса, бұл тіл ХХ ғасырдың 30 жылдарынан  бастап «ескі өзбек тілі» деген атпен зерттелді. Сол дәуірдің әдеби тілін «шағатай» деп аталуын түркітанушылар сол дәуір ақындарының Шағатай ұлысында өмір сүргендігімен байланыстырды. Десек те сол заман ақындары (Лүтфи, Атаи, Науаижәне т.б.)  өз шығармаларын «түркі тілінде» жазғандығын ерекше атап өткен болатын. Сондай-ақ, түркі әдеби тілінің Жошы ұлысы тарағаннан кейін қалыптасқан хандықтарда да кеңінен қолданылғаны белгілі. Ал, қазан төңкерісінен кейін «шағатайдың» орнын «ескі өзбек тілі» басты. Оның өзіндік саяси себептері де бар еді. Ең негізгісі – ХХ ғасырдың басындағы Мұстафа Шоқай («Түркістан автономиясы»), Абдурауф Фитрат («Шағатай гурунгы») секілді тұлғалардың түркішілдік бағыттағы саяси ұстанымдары еді. Түркі халықтарының бірігіп кетуінен қорыққан кеңестік билік мұсылман түркі халықтарына ортақ  әдеби тілді бір ұлттың аясында зерделегенді жөн деп тапты.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Kydyr Т. (2021). Ортағасырлық түркі әдеби тілінің атауына қатысты кейбір мәселелер. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 99(4), 17–24. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.02

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ