«Китаб Булғат әл-Муштақ» XIV ғасыр сөздігінің ерекшеліктері мен оның тақырыптық құрамы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v100.i1.04Аннотация
Қыпшақ тіліндегі жазба мұралардың қатарына араб графикасымен мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған тарихи, әдеби және лингвистикалық ескерткіштер, ал соңғысы қатарына түрікшеарабша сөздіктер мен гармматикалық еңбектер жатады. Мысырда билік құрған мәмлүк түріктері жергілікті араб халқына қыпшақ тілін үйрету мақсатында жазылған бұл еңбектер араб және қыпшақ тілдеріндегі құнды мәліметтерді қамту арқылы қазақ халқының тіліне ғана емес, мәдениетіне де байланысты ақпарат береді. Мәмлүк-қыпшақ сөздіктері ретінде ғылымда алты негізгі сөздік көрсетіледі, олар: «Китаб әл-идрак ли-лисан әл-әтрак», «Китаб әт-тухфа әз-закийа фи әл-луға әттуркийа», «әл-Қауанин әл-куллийа лидабт әл-луғат-туркийа», «Китаб әд-дуррат әл-мудийа фи әллуғат әт-туркийа ала әт-тамам уә әл-камал», «Китаб мажмуа тарджуман турки уә аджами уә муғули уә фарси» және «Китаб булғат әл-муштақ уә фи луғат әт-турк уә әл-қифджақ». Табиғат пен оның құбылыстары тақырыбы бірнеше сөздікте қарастырылғандықтан, бұл зерттеу жұмысымызда оған қатысты ортақ немесе бір-бірінен өзгешеленетін сөздерді қарастырамыз. Зерттеудің мақсаты – мәмллүк-қыпшақ тілінде жазылған сөздіктердегі «табиғат» саласындағы лексиканы зерттеу. Жұмыс табиғат лексикалық бірліктерін сөздіктерден ажырату; араб және мәмлүк-қыпшақ тілдеріндегі баламаларын салыстыру; мәмлүк-қыпшақ тіліндегі сөздіктер бойынша бірдей мен өзгешелерін анықтау; қазіргі түрік, қазақ және ағылшын тілдеріндегі баламаларын беру сияқты міндеттерден тұрады. Зерттеудің әдіснамасы қолжазбалардағы лексикалық бірліктерді ажырату, қолжазба нұсқасынан компьютер бетіне түсіру, түркі тілдеріндегі баламаларын табу сияқты кезеңдерді қамтиды. Түйіе сөздер: мәмлүк-қыпшақ, араб, сөздік қор, қолжазба, сөздік.