Қазақстандағы ауызекі қытай тілін сыныпта оқытудың ағымдағы жағдайын зерттеу: Алматы қаласындағы Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжін тақырыптық зерттеу

A CASE STUDY OF THE INTERNATIONAL KAZAKH-CHINESE LANGUAGE COLLEGE IN ALMATY

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.01
        104 103

Аннотация

Ауызша сөйлеу қабілеті – екінші тілді үйренушілердің күнделікті қарым-қатынастағы негізгі қабілеті. Қазақстандағы жергілікті қытай тілі сыныбында ауызекі тіл оқытудың ағымдағы жағдайды түсіну үшін, бұл зерттеуде Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжін негізге ала отырып, сұхбаттасу мен сыныптағы жағдайды бақылау арқылы, колледж мұғалімдерінің ауызекі қытай тілін оқыту, ауызша қарым-қатынас дағдыларына үйрету бойынша тұжырымдамасы, көзқарасы мен оқыту практикасы қарастырыла отырып, мұғалімдердің тәлімділігі, оқу құрал ресурстары, оқыту әдістері, тест арқылы бағалау сынды төрт аспектісі бойынша колледждің ауызекі қытай тілін оқытудағы жетіспеушіліктерін зерттедік. Ауызша коммуникативті дағдылар екінші тілді үйренушілердің күнделікті қарым-қатынасқа жетудегі негізгі құзырлылығы болып табылады, сонымен қатар олар барлық деңгейдегі қытай тілін оқытуда басты назарда болады. Біз мектепте қытай тілін оқытудағы кейбір кемшіліктерді 4 өлшем бойынша талқыладық: мұғалімнің сапасы, оқулықтардың ресурстары, оқыту әдістері, сонымен қатар тестілеу мен бағалау. Қазақстанда қытай тілін оқытудың жалпы жағдайына сәйкес, бұл мәселелердің себептері контексте талданып, жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді. Қазақстандық оқу орындарында қытай тілін оқытудағы жалпы жағдаймен бірге осы мақалада бұл проблемалардың себептері талданып, жақсартуға бірнеше ұсыныстар көрсетіледі. Түйін сөздер: Қазақстан, Қытай тілі, ауызекі тілді оқыту.

Жүктелулер

Как цитировать

Jiang, Y., Tursynzhan, P., & Luo, M. (2021). Қазақстандағы ауызекі қытай тілін сыныпта оқытудың ағымдағы жағдайын зерттеу: Алматы қаласындағы Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжін тақырыптық зерттеу: A CASE STUDY OF THE INTERNATIONAL KAZAKH-CHINESE LANGUAGE COLLEGE IN ALMATY. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 98(3), 4–13. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.01

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ