Әл-Фарабидің «Усул ъилм ат-Табиъа» трактатына теолингвистикалық талдау (еңбектегі «ақыл» бөлімі негізінде)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.09
        58 69

Аннотация

Әбу Насир әл-Фарабидің еңбектері әрқашан ғалымдардың, зерттеушілердің назарында. Ғалымдар, ізденушілер атақты философтың еңбектеріне сүйеніп талай ғылыми зерттеулер жүргізген, әлемнің қаншама тілдеріне аударылған. Бұл мақалада Әбу Насир әл-Фарабидің «Китаб мақалат әр-рафиға фи усул әт-табиға» атты еңбегінінің алғашқы тарауы «ақыл» туралы мақаласына теологиялық және лингвистикалық талдау жасалады. Ғалымның қолданған сөздеріне, ұғымдарына, терминдеріне талдау жасау арқылы ол ұғымдардың тілдік және теологиялық мәнін ашуға, олардың түрлі қолданыстары мен мағыналарына тоқталуды мақсат етеміз. Мақала әл-Фарабидің «ақыл» туралы мақаласының мәтінін зерттеуге арналғандықтан, мәтінтану саласындағы әдіс-тәсілдер қолданылады. Сонымен қатар әл-Фарабидің қолданған Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистеріне герменевтикалық талдаулар да жасалады. Мақала нәтижесінде автордың сөйлемдерін талдау барысында оның діни көзқарастарын да баяндап, ғалымдар арасында пікірқайшылығын тудырған мәселелерге қатысты ғұламаның пікірін де айтамыз. Әл-Фарабидің ғайби (метафизикалық) мәселелерді талқылағанда, түсіндіргенде Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерін қалай басшылыққа алғанын, қандай әдісті қолданғанын да қарастырамыз. Бұл мақала діни мәтіндерді лингвистика ғылымы мен ислам теологиясы ғылымдарын байланыстыра зерттеудің, яғни салаларылық зерттеулердің маңыздылығын көрсетеді. Әл-Фарабидің еңбегіне тілдік және теолгиялық талдау жасау арқылы оның ойын толық түсіндіру мүмкіндігі туады. Жұмыстың нәтижелерін діни мәтіндерге лингвистикалық талдау жасауда және теологиялық ұғымдардың тілдік мағыналарын білуде қолдануға болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Mukhitdinov‬‏, R. (2021). Әл-Фарабидің «Усул ъилм ат-Табиъа» трактатына теолингвистикалық талдау (еңбектегі «ақыл» бөлімі негізінде). ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 98(3), 92–100. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.09

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ДЕРЕКТАНУЫ