Kitāb-i Mecmūʿi Tercümān-i Türkį ve ʿAcemį ve Muġalį кітапта түркмен деп көрсетілген сөздерді талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.03Аннотация
Түркі тілдерінің таралу аумағын зерттегенде қыпшақ-түрік тілінің орта ғасырлар да мен қазіргі кезде де кең аумақты қамтығанын байқаймыз. Орта Азияның батысынан Дунай жағалауына дейінгі, солтүстігі Орта Еділ аймағынан оңтүстігі Қырымды қамтитын Дешті-қыпшақ аймағынан жеткен жазба жәдігерлер, сонымен бірге ғасырлар бойы Мысыр мен Шам жерінде билік жүргізген түрік-қыпшақтардың жәдігерлері біршама сирек кездеседі. Kitab-ı Mecmūʿı Tercümān-ı Türki ve ʿAcemį ve Muġalį Мамлүктер дәуірінен бүгінге жеткен маңызды жазба еңбектердің бірі. Бұл еңбек арабтарға түркі тілін үйрету мақсатында жазылған, өйткені Мамлүк-қыпшақ мемлекетінде халықтың көп бөлігі арабтар болды, ал басқарушы қызметті түріктер (қыпшақтар) иеленді. XIV ғасырда жазылған немесе көшірілген шығарманың қолжазбасы Лейден академиясының (Нидерланды) кітапханасында сақтаулы тұр. Kitab-ı Mecmūʿı Tercümān-ı Türki ve ʿAcemį ve Muġalį тақырыптар бойынша құрастырылған лексикалық және грамматикалық сөздік. Еңбектің бір бөлігі араб-түрік сөздігі мен грамматикасы (63 бет), екінші бөлігі моңғол-парсы сөздігі (13 бет). Сонымен қатар сөздікте оғыз тобына жататын түрікменше сөздер кездеседі. Біз бұл мақаламызда сөздіктегі оғыз тобына жататын сөздердің қазіргі түркі тілдерінде қолданылатынын, кейбірінің фонетикалық өзгеріске ұшырап, жаңа мағынаға ие болғанын көрсететін боламыз.
Tүйін сөздер: Kitāb-i Mecmūʿi Tercümān-i Türkį ve ʿAcemį ve Muġalį, мамлюктер, сөздік, қыпшақтар, қазақ тілі, қарлұқтар, түркмендер.