Үнді және қазақ қоғамына әсер еткен ағартушылық әдебиет
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.13Аннотация
XX ғ. басында үнді және қазақ қоғамы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемдері қазақ қоғамында атақты бес арыс өкілдері болса, үнді қоғамында Махатма Гандидың гуманистік идеологиясын дәріптеген ізбасарлары, көш бастаған ағартушы жазушылар болған. Үнді прогрессивті жазушылар ассоциациясының негізін қалаушы атақты Мунши Премчанд өзінің шығармалары арқылы қоғамның өзгеруіне атсалысты. Әдебиет қаламгердің сиясынан тамған сөз өнерінің көрінісі. Өнерлердің ішінде ең қадірлісі көркем әдебиет. Қоғам мен әдебиет тіркесі әрқашанда байланыс толқынында болды. Берілген мақалада екі ел жазушыларының көркем әдебиеттегі ағартушылық идеясының көрінісі, оның қоғамға әсері талдауға түседі, себебі ағартушылық идея ғылыми, философиялық және әлеуметтік ойлардың дамуымен байланысты, ағартушылардың көмегімен қоғамдағы мәдени модернизацияның қалыптасуы пайда болды. Ағартушылық кезең – батыс және шығыс елдерінің тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл интеллектуалды қозғалыс, қараңғылықтан шығу, революция арқылы отаршылдықтан құтылу, рационализм мен еркін ойлауға негізделген қоғам санатының өзгеруіне итермелеген кезең болып табылады. Мақалада қойылған мақсат өркениеттер диалогында ұлттық мәдениеттің ірі өкілдері болып табылатын үнді және қазақ жазушыларының шығармашылық мұраларындағы үндестікті салыстырып, қоғамдағы ағартушылық идеясының көркем әдебиеттегі көрінісін жан-жақты талдау. Түйін сөздер: ағартушылық кезең, ағартушылық идея, көркем әдебиет, революция, интеллектуалды қозғалыс, модернизация, қоғам, реализм.