Этникалық араласқан отбасылардағы балалардың этникалық бірлігі: тарихының тематикалық талдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.010
        96 92

Аннотация

Этникалық аралас отбасылардағы балалардың этникалық сәйкестігі айтарлықтай академиялық қызығушылық тудырып отыр. Бұл жұмыстағы негізгі тақырыптық мәселелерді анықтау мақсатында авторлар этникалық аралас отбасылардағы балалардың этникалық сәйкестігін зерттеу дәрежесіне тарихнамалық зерттеу жүргізді. Осы тарихнамалық дереккөздер негізінде зерттелетін проблеманы арнайы зерттеу проблемалық-хронологиялық және салыстырмалы талдау әдісімен жүйеленді. Атап айтатын болсақ, олар Google Scholar іздеу жүйесіндегі ағылшын тіліндегі іздеу кезінде этникалық аралас некеде тұрған балалар мәселелеріне қатысты зерттеулерді талдаған болатын. Мақалада проблемалық блоктар жүйеленген: сәйкестендірудегі этникалық және нәсілдік категориялардың теориялары және әлеуметтенудің орны мен кезеңдерінің этникалық сәйкестілікке әсері, этникалық сәйкестікті қалыптастырудағы әлеуметтік практиканың рөлі. Сонымен, автор этносаралық некенің нәтижесінде қос этникалық балаларды этникалық сәйкестендіру мәселесін арнайы зерттеудің үш бағытын анықтап көрсетті. Мәтіндердің тақырыптық талдауы этникалық аралас отбасылардағы, атап айтқанда, шетелдегі корейлердегі этникалық сәйкестікті жеткіліксіз зерттегенін анықтады. Сонымен қатар бұл талдауда бірқатар шектеулер бар, олар қабылдаушы елдің тарихы мен мәдениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, шетелдік корейлердің этникалық сәйкестігінің ерекшеліктерін зерттеу тұрғысында одан әрі қарастыру міндетін қойды. Түйін сөздер: этникалық сәйкестік, этносаралық отбасылар, тарихнама, арнайы зерттеулер, қос этникалық тиістілік.

Жүктелулер

Как цитировать

Yem, N., & Tsoy, L. (2021). Этникалық араласқан отбасылардағы балалардың этникалық бірлігі: тарихының тематикалық талдауы. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 96(1), 88–94. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.010

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ