Үндістан мен Пәкістан қоғамының трансформациялану кезеңіндегі білім беру жүйесінің даму сипаты

Авторлар

  • N.A. Aldabek Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-4113-8914
  • A.S. Turar Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-7944-8032
  • K.T. Gabdullin Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.08
        136 0

Аннотация

Бұл мақалада Үндістан мен Пәкістанның білім беру жүйелері талқыланады. Білім беру саласы ресурстар қатарына жататындықтан, оған қол жетімділік қоғамның барлық мүшелеріне мүмкін болмайтындығы айқын. Үндістан мен Пәкістандағы тұрғын халықтың қарапайым білім беру жүйесінің эволюциясына отаршылдық саясаттың үлкен әсер еткені сөзсіз. Білім алуға қол жеткізу үшін халықтың діни ұстанымы, касталарға қатыстылығы және жынысы сияқты әлеуметтік айырмашылықтар да кедергі келтірді. Бұл мақалада Үндістан мен Пәкістандағы білім беру саясаттарының маңызды деген мысалдары келтірілген. Үндістан үкіметі білім алу құқығы туралы заң қабылдау арқылы білім беруді қазіргі әлемдегі еркін тұлға болу үшін қажетті негізгі құқық деп санайды. Үндістан мен Пәкістан білім беруді дамытуға бағытталған шаралар арқылы білім мен сауаттылықты арттыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Білім – кез келген елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының негізін қалайды. Үндістан мен Пәкістан дамушы елдер ретінде құрылған кезінен бастап білім берудің күрделі мәселелерімен бетпе-бет келді, сондықтан білім беру жүйесі ұлттың қалауына сәйкес жүзеге асырыла алмады. Бұл жағдайға әртүрлі факторлар себеп болды. Бұрын өзінің әлеуметтікэкономикалық дамуында айтарлықтай артта қалған, отарлық тәуелділікте болған және қоғамның дамуындағы күрделі қарама-қайшылықтарды бастан өткерген Үндістан мен Пәкістанға тән қиындықтарды жеңу тәжірибелері ғылыми ортада ерекше қызығушылық тудырады. Бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – Үндістан мен Пәкістанның білім беру жүйесіндегі мәселелерді салыстыра отырып, білім берудің қажеттілігі мен маңыздылығын айқындап, қолда бар әдебиеттерді сыни тұрғыдан қарау негізінде, осы екі елдің білім беру жүйесінің мәселелерін шешуге ұсынымдар көрсетуге тырысамыз. Түйін сөздер: Үндістан, Пәкістан, білім беру жүйесі, білім беру мәселелері.

Как цитировать

Aldabek, N., Turar, A., & Gabdullin, K. (2021). Үндістан мен Пәкістан қоғамының трансформациялану кезеңіндегі білім беру жүйесінің даму сипаты. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 96(1), 68–76. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.08

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ