Жапондық үкіметтік ұйымдардың білім берудегі ынтымақтастықтағы рөлі: Қазақстан мысалында

THE CASE OF KAZAKHSTAN

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.06
        90 75

Аннотация

Қазіргі таңда дамыған елдермен білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы арта түсуде. Алайда, Қазақстан Жапония сияқты әлемнің кейбір дамыған елдерімен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда әлі де болса артта қалып отыр. Бұл жұмыс Жапония үкіметтік ұйымдарының екіжақты қазақстан-жапон қатынастарын дамытудағы, сондай-ақ екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылауға бағытталған. Мақалада тарихи-жүйелік талдауды қолдану нәтижесінде жапондық білім беру ұйымдарының Қазақстандағы саясаты зерделенді. Зерттеу барысында елшіліктердің ресми ақпараттарымен қатар қазақстандық университеттің жылдық есептері пайдаланылды. Жалпы, жапондық үкіметтік ұйымдар мәдени интеграцияны, саяси қатынастарды және бейбітшілікті ілгерілететін субъектілер ретінде маңызды рөл атқарады. Алайда, екінші жағынан, жапон дәстүрлерін насихаттау және жапон тілін оқыту Жапонияның Қазақстандағы ықпалы мен беделін нығайтуға бағытталуы да мүмкін. Дегенмен, Жапония мен Қазақстанның қарым-қатынасы жағдайы доминантты елдің гегемония құралына айналуынан алыс. Зерттеудің нәтижелері білім беру саласындағы ынтымақтастыққа, қазақ-жапон қатынастарына, Қазақстандағы жоғары білімнің интернационалдануына және осы процестердегі мемлекеттік органдардың рөліне қызығушылық танытатындар үшін пайдалы бола алады.

 

Түйін сөздер: білім беру саласындағы ынтымақтастық, интернационалдандыру, Жапония, Қазақстан, үкіметтік ұйымдар.

Жүктелулер

Как цитировать

Rustemova А. (2021). Жапондық үкіметтік ұйымдардың білім берудегі ынтымақтастықтағы рөлі: Қазақстан мысалында: THE CASE OF KAZAKHSTAN. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 98(3), 59–66. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.06

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ