Жапон Мангасынан аударылған орыс тіліндегі нұсқалардағы жіктік бейнеліліктер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.01
        97 86

Аннотация

Бұл мақала Накадзава Кейдзи жазған «Хадаси-но Гэн» (Barefoot Gen) атты жапон Мангасын сипаттамалық аударма тұрғысынан зерттеу серияларының жалғасы болып табылады (Descriptive Translation Studies). «Ген» жобасының мүшелері аталмыш Манганы жапон тілінен орыс тіліне екі рет аударды. Мақаланың авторы жапон тіліндегі түпнұсқаны орыс тіліне аударылған ескі және жаңа нұсқаларымен салыстырды. Автор Toury (1995) ұсынған «үш-фазалық методологияны» қолданды. Мақалада осы Мангада келтірілген жіктік бейнеліліктер (бірінші жақ, екінші жақ (есімдік қолдану), екінші жақ (вокатив қолдану), үшінші жақ) зерттелді. Осы бейнеліліктерді талдау үшін сегіз аударма стратегиясы жасалды (транскрипция, фонетикалық немесе морфологиялық бейімдеу, сөзбе-сөз аударма, транспозиция, модуляция, кеңейту, жою, бөлшекті жою). Зерттеу нәтижесінде орыс тіліндегі ескі және жаңа нұсқаларда «сөзбе-сөз аударма» стратегиясы кеңінен қолданылғаны анықталды. Орыс тіліндегі ескі нұсқа мен жаңа нұсқаның қайсысы дереккөзге бағытталған аудармаға (немесе Source Text, яғни бастапқы мәтінге бағытталған аудармаға) көбірек мән бергенін зерттеу барысында автор келесідей нәтижеге қол жеткізді: негізінде жіктік бейнеліліктердегі аударма стратегиясында ескі нұсқа мен жаңа нұсқа бірдей тенденция көрсетті, сонымен қатар, жіктік бейнеліліктерді жете тексергенде, жаңа нұсқа ескі нұсқаға қарағанда нысана мәтінге (Target Text) бағытталған аудармаға көп көңіл бөлген. Осы ретте, «Неліктен жаңа нұсқа ескі нұсқаға қарағанда нысана мәтінді маңызды деп бағалады?» деген сұрақ туындайды. Бір себебі ретінде, мақалының авторы «Ген» жобасының мүшелері ескі нұсқадағы Манганы сатуда жетістікке қол жеткізе алмады деп пайымдайды. Осылайша, ескі нұсқа Ресейде айтарлықтай әйгілі болмады. Жоба мүшелері аударылған Манганың сатылымын арттыру үшін оның мәтінін оқуға жеңіл етіп жасады. Жоба мүшелері нысана мәтінді маңыздырақ деп бағалап, ескі нұсқадағы жіктік бейнеліліктерге өзгертулер енгізді. Түйін сөздер: Манга, сипаттамалық аударма зерттеулері, жіктік бейнеліліктер.

Жүктелулер

Как цитировать

Ninomiya, T. (2021). Жапон Мангасынан аударылған орыс тіліндегі нұсқалардағы жіктік бейнеліліктер. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 97(2), 4–16. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.01

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ