ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «ӘЛ-УАХИД УАЛ-УАХДА» (БІР ЖӘНЕ БІРЛІК) АТТЫ ТРАКТАТЫНЫҢ ТҮПНҰСҚА МӘТІНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v94.i3.12
        134 87

Аннотация

Бізге мұра ретінде жетіп отырған Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттары бүгінде толыққанды ғылыми айналымға түсіп үлгерген жоқ. Тіпті трактаттарының саны туралы да зерттеуші ғалымдар әртүрлі пікір айтады (Біз бұл туралы бөлек мақалада егжей-тегжейлі айтатын боламыз). Әл-Фарабидің «әл-Уахид уал-Уахда» (Бір және Бірлік) атты трактаты 1989 жылы алғаш рет Касабланкада ғылыми талдауларымен бірге араб тілінде басылып шықты. Бұл басылымды қолжазба нұсқаларды салыстыра зерттеп, алғысөз жазып, ғылыми айналымға енгізуге ерен еңбек еткен ирактық ғалым Мухсин Маһди болатын. Әл-Фарабидің осы «әл-Уахид уал-Уахда» атты трактатын 2008 жылы Фрат университетінің оқытушы-профессорлар құрамының мүшесі доктор Жевдет Кылыш (Cevdet KILIS) түрік тіліне аударған. Мұнан бөлек қолжетімді деректерде Дэмиен Яностың (Damien Janos) «Әл-Фарабидің «әлУахид уал-уахда» трактаты. Оның құрылымы, мазмұны мен теологиялық нәтижелері жайлы кейбір алдын ала жасалған ескертпелер» атты ағылшын тілінде жазған көлемді талдау мақаласы бар екендігі белгілі. Біздің зерттеуіміз бойынша күні бүгінге дейін бұл трактат қазақ, орыс тілдеріне мүлде аударылмаған. Сондықтан осы мақалада әл-Фарабидің «әл-Уахид уал-уахда» атты трактаты қазақ тілінде танытылып, құрылымы мен мазмұнына алғаш рет талдау жасалады. Түйін сөздер: әл-Фараби, дереккөз, әл-Уахид уал-уахдаһ, түпнұсқа мәтін, аударма.

Жүктелулер

Как цитировать

Paltore, Y. (2020). ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «ӘЛ-УАХИД УАЛ-УАХДА» (БІР ЖӘНЕ БІРЛІК) АТТЫ ТРАКТАТЫНЫҢ ТҮПНҰСҚА МӘТІНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 94(3), 94–104. https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v94.i3.12

Шығарылым

Бөлім

SPECIAL ISSUE