Қазақ және араб паремияларындағы «туысқандық қатынас» концепті

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.13
        96 57

Аннотация

Әр ұлт өзі өмір сүретін ортасына тән ой түйіп, сөздік қорын қалыптастырады. Тұрмыс тіршілігі, қоғамдық және мәдени өмірінің сипатына байланысты көзқарасы мен қатынасы, мәдени-әлеуметтік ой өрісі қалыптасып, тілде халықтық ұлағатты сөздер пайда болады. Ондай сөздерге мақал-мәтелдер жатады. Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, бір заманның, бір кезеңнің жемісі ғана емес, бүтін бір халықтың тарихи дамуының жемісі. Әлемде қанша тіл болса, соның әрқайсысында мақал-мәтелдің мол қазынасы барына күман жоқ. Адамзат әртүрлі тілде ойлап сөйлегенімен, кейде бір-біріне қатысы жоқ әртүрлі ұлттардың мақалмәтелдері мағыналас болып жатады. Мағыналық жақындық көбіне адами қатынасты білдіретін паремияларда кездеседі. Адами қатынастың бір тармағы туысқандық қатынас. Туысқандық қатынас отбасында және сыртқы факторлардың (туысқандар, үйлену, тұрмыс құру) әсерімен қалыптасады. Туысқандық қатынас концептін әке мен шеше, бала, ата мен әже, ағайын, қайын жұрт, немере, жиен т.б. когниттер құрайды. Әке мен бала, ана мен қыз, ене мен келін, нағашыжиен, күйеу бала мен қайын жұрт арасындағы туысқандық қатынасты бейнелейтін паремиялар қазақ және араб тілдерінде аз емес. Біз осы тілдік бірліктерді концептуалды-семантикалық және этномәдени тұрғыда кешенді түрде салғастырып зерттеуді мақсат еттік. Аталған концептің айырмашылықтары мен ұқсастықтары анықталып, паремиялық бірліктердің семантикалық компоненттері талданатын болады. Араб тілінде көрініс тапқан паремияларды аудара отырып, оларды қазақ тіліндегі мағыналас баламаларымен салғастыру арқылы араб халықтарының дүниетанымы мен психологиясын түсінуге мүмкіндік аламыз. Түйін сөздер: қазақ паремиясы, араб паремиясы, концепт, туысқандар, мақал-мәтелдер, метафора.

Жүктелулер

Как цитировать

Б.А., А., & У.К., М. (2020). Қазақ және араб паремияларындағы «туысқандық қатынас» концепті. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 93(2), 116–123. https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.13

Шығарылым

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ