Абай қара сөзіндегі ғақлиат тасдиқат ұғымы

Авторлар

  • Мансуров Н.Б. Международный казахско-турецкий университет имени Ахмеда Ясави
  • Темірханов Б.Н. Международный казахско-турецкий университет имени Ахмеда Ясави

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.07
        93 94

Аннотация

Мақалада қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының отыз сегізінші қара сөзі мазмұндық тұрғыда талданған. Талдау барысында қара сөзде кестеленген ой-тұжырымдардың сипаты әрі олардың қазақ ұлтының рухани болмысын қалыптастырудағы қызметі сараланған. Сондай-ақ ақын қолданысында кең орын алған шығыс тілдерінен енген кірме сөздердің мағыналық сипаты да қаралып, түп нұсқадағы ұғымы салыстырмалы түрде қарастырылған. Айталық, ядгар, иман, иғтиқад, сұнғат, т.б. Ал адам баласының түрлі мінездерге ие болып, онда жақсы мінездің қалыптасуын ағартушы, ақын ақыл мен ғылымға негіздеген тұжырымдамасын авторлар орынды ашып көрсеткен. Себебі ғылымға жету үшін де ерекше махаббаттың қажеттігіне баса назар аударылған. Сол арқылы өзінің жаратушысын, мына қоршаған дүниені танып білетіндігі сөз етілген. Авторлар Абай Құнанбайұлының білімді игергендердің ақиқатты тани алатынын әрі олардың қашанда заман сұранысына сай адам болып жетіліп, ғылыми көзқарасы қалыптасып, салауатты да салихалы азамат ретінде танылатынын басшылыққа алып, оның күні бүгінге дейін маңыздылығын жоймағандығын ұсынады. Себебі ақынның ұсынған қара сөздегі ой-тұжырымдары қазіргі қоғам үшін де өшпес мұра болып қала бермек. Түйін сөздер: қара сөз, ғақлия тұжырым, ғақлиат тасдиқат ұғымы, ғылымның махаббаты, ақыл мен ғылым. 

Жүктелулер

Как цитировать

Н.Б., М., & Б.Н., Т. (2020). Абай қара сөзіндегі ғақлиат тасдиқат ұғымы. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 93(2), 63–70. https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.07

Шығарылым

Бөлім

ТАРИХ