Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы діни зерттеулер
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.05Аннотация
Кез келген ұлттың мәдениеті мен әдебиетінің өзіндік өсу, қалыптасу жолы және өзіне тән даму жолдарының ерекшеліктері болады. Сол сияқты қазақ әдебиеті де қоғамдағы дәстүрлі діни наным-сенімдермен тығыз байланыста дамыды. Ұлттық әдебиетіміздің діни-сеніммен тығыз байланысы халық болып қалыптасқан кезден бастап, Кеңес өкіметі құрылған жылдарға дейін жалғасып келді. Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірінде көркем шығармаларда ислами көріністерін нақты ашып көрсету мүмкіндігі болған жоқ. Қазақ елі дербестік алғаннан кейінгі уақыт талабы, замана ағымы осы кезге дейін тарих тереңінде қалған рухани мұраларымыздың барлығын қазіргі ұрпақ игілігіне жаратудың мезгілі жеткендігін дәлелдеді. Мақалада Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көпшіліктің пайдалануына берілген зерттеу еңбектердің қазақ халқының аз уақыттың ішінде ислам діні туралы сауат ашуына басты негіз болған зерттеулер жайында қарастырылып, қазіргі замандағы діни әдебиет бұрынғы кезеңдердегі діни әдебиеттен біршама өзгеше екендігі ашып көрсетіледі және ол зерттеулерге талдау жасалады. Сонымен қатар, автор Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы діни зерттеу еңбектердің бірнешеуін қарастырады. Түйін сөздер: наным-сенім, салт дәстүр, ислам діні, діни зерттеу, әдеби мұра, діни құндылықтар.