«Абaй жолы» ромaн-эпопеясындaғы қaзaқтың ұлттық тaғaм aтaулaрының пaрсы тіліне aудaрылу ерекшеліктері

Авторлар

  • Бaтырхaн Б.Ш. КазНУ имени аль-Фараби
  • Әшімхан Д.Е. КазНУ им.аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/jos.v90i3.1440
        69 47

Аннотация

Мақалада Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін қазақ халқының ұлттық тағам атауларының парсы тіліне аударылу мәселесі қарастырылады. Бұл мақалада қазақ халқының мәдени ерекшеліктерінің, көшпелілер мәдениеті көрінісінің құрамдас бөлігі болып табылатын тағам атауларының парсы тіліне қандай әдіс-тәсілдер арқылы аударылғаны сараланды және талданды.  Осы талдаудың негізінде қарастырылған тағам атауларының әрқайсысының аудармасының ең сәтті нұсқасын анықтауға әрекет жасалды. Сонымен қатар, «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін қазақ ұлттық тағам атауларының баламасыз лексиканың қандай тәсілдерімен аударылғаны қарастырылады. Ұлттық тағам атауларын парсы тіліне аударған кезде, баламасыз лексиканы аудару тәсілдерінің ішінен транслитерация мен транскрипция әдістері қолайлы болған. Мақалада роман-эпопеяда кездесетін ұлттық тағам атауларының парсы тіліне аударылу ерекшеліктерін зерттеген кезде, бұл үлкен шығарманы тәржімалау жұмысымен қазақ ұлтының мәдениетімен етене таныс, шеберлігі шыңдалған, қазақ тілін жетік білетін аудармашылар айналысу қажеттігі баса айтылады. Роман-эпопеяны парсы тіліне аударған ирандық аудармашы Н. Асғарзаде эпопеяны түпнұсқа тілден емес, орыс тілінен аударған. «Абай жолы» парсы тіліне орыс тілінен сатылы аударма арқылы тәржімаланғандықтан, ұлттық тағам атауларының аудармада берілу ерекшеліктерін зерттеген кезде үш тілдегі нұсқалары бірге салыстыра қарастырылады. Тү йін  сөз дер: «Абaй жо лы», тaғaм aтaулaры, aудaрмa, пaрсы ті лі, ұлт тық нaқыштaғы сөз дер ді aудaру. 

Жүктелулер

Как цитировать

Б.Ш., Б., & Д.Е., Ә. (2019). «Абaй жолы» ромaн-эпопеясындaғы қaзaқтың ұлттық тaғaм aтaулaрының пaрсы тіліне aудaрылу ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 90(3). https://doi.org/10.26577/jos.v90i3.1440

Шығарылым

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ