Әбу Нaср әл-фaрaбидің діни көзқaрaстaрының ғылымдa зерттелуі тaрихынaн

Авторлар

  • Хаван А. КазНУ имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/jos.v90i3.1433
        66 59

Аннотация

Мақалада Әбу Наср әл-Фарабидің діни көзқарастарының шетелдік және қазақстандық ғалымдар тарапынан зерттелу деңгейі сөз етіледі. Қазіргі таңда әлемдік ғылымда әл-Фараби шығармашылығына арналған зерттеу жұмыстар әр түрлі ғылым салалары өкілдері арқылы жалғасын тауып жатыр. Әлем ғалымдары әл-Фарабидің  мұрасында ислам доктринасын қабылдағанын әрі қолдағанын ғылыми дәлелдеп отыр. Зерттеуде Әбу Наср әл-Фарабидің дінге деген көзқарасы әлемдік және Қазақстан бойынша кеңестік дәуір мен тәуелсіздік жылдары жарық көрген зерттеулерге хронологиялық шолу жасала отырып, олардың мазмұнында ұсынылған тұжырымдар арқылы анықталады. Сондай-ақ, Екінші ұстаздың өмірі мен шығармашылығы араб дереккөздеріндегі тарихи мәліметтерге сүйене отырып зерттеліп, ғалымның Араб-Мұсылман өркениетіне қосқан орасан зор үлесі мен айшықты іздері сараланады. Ортағасырлық араб тілді тарихшы-жылнамашылардың библиографиялық-энциклопедиялық сипатта жазылған еңбектері арқылы біздің заманымызға дейін жеткен Әбу Наср әл-Фарабидің жазба мұрасы мен көне Отырар (Фараб) қаласы туралы құнды деректер бүгінгі фарабитану ғылымы үшін таптырмайтын дереккөздер екендігі дәлелденеді. ҚР Тұңғыш Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени Мұра», «Халық – тарих толқынында», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламлары Әбу Наср әл-Фарабидің мазмұнға бай жазба мұрасының өз Отаны – Қазақстанға оралуына даңғыл жол салып бергені туралы сөз болады. Тү йін  сөз дер: әл-Фaрaби мұрaсы, дін жә не фи ло со фия, ді ни көзқaрaс, тұ жы рым, зерт теу ең бек те рі. 

Жүктелулер

Как цитировать

А., Х. (2019). Әбу Нaср әл-фaрaбидің діни көзқaрaстaрының ғылымдa зерттелуі тaрихынaн. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 90(3). https://doi.org/10.26577/jos.v90i3.1433

Шығарылым

Бөлім

ТАРИХ