«ТАҢСȲҚ-НĀМЕ ИЛХĀНӢ» – ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНАНЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕККӨЗІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511545Аннотация
«Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ» – ортағасырлық медициналық аударма шығарма тек шығыс медицинасын тануға емес, сондай-ақ Орталық Азиядағы сол кезеңдегі түркі тайпаларының дәстүрлі медициналық тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік беретін маңызды дереккөздің бірі. Аталған шығармада адамның анатомиялық құрылысы мен физиологиясы туралы мәліметтермен қатар, түрлі ауруларды анықтаудың жолдары, ем-дом түрлері сипатталады. Бұл мақалада «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ» шығармасының тарихи және ғылыми маңызына қысқа шолу жасалып, оның мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктері қарастырылады, Орта Азиядағы медицина білімі мен тәжірибелердің өзара алмасулары үрдісі талданады. Бұл міндеттердің үддесінен шығу үшін мәтіндік-салыстырмалы, тарихи-деректанулық, және жүйелеу әдістері қолданылады. Нәтижесінде белгілі автор Рашид ад-дин ат-Табибтің аударған шығармасы түрлі мәдениеттердің тоғысу процесі көрінісін, ортағасырлық медициналық дәстүрлер мен тәжірибелердің, парадигмалардың синтезін көрсететін маңызды мұра екендігі анықталды.
Бұл шығарманың тарихи-мәдени маңызы отандық ғылымда бұрын-соңды талданған емес, сондықтан, мақала нәтижелері болашақ тарихи-медициналық және деректанулық зерттеулерге практикалық негіз болады деп сенеміз.
Түйін сөздер: медицина тарихы, дәстүрлі медицина, ортағасырлық трактаттар, «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ».
