ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫЛАРДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫ: ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ОРЫСТІЛДІ БАЛАЛАР МЫСАЛЫНДА
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511544Аннотация
Соңғы онжылдықтарда Оңтүстік Кореяда халықаралық некелердің тұрақты өсуі байқалып, елдің әлеуметтік-мәдени кеңістігі түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Зерттеулердің басым бөлігі Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан әйелдермен құрылған мультимәдени отбасыларға арналса, ТМД елдерінен шыққан орыстілді әйелдер мен олардың Кореяда туған немесе өскен балаларына қатысты еңбектер әлі де аз. Бұл мақалада 2013 жылдан бастап жүргізілген далалық зерттеу негізінде осы балалардың этникалық идентификация үдерістері қарастырылады.
Этникалық идентификацияның негізгі теорияларына сүйене отырып – Э. Эриксонның психоәлеуметтік даму теориясы, М. Гордонның ассимиляция тұжырымдамасы, Э. Грилидің плюрализм идеясы және Ч. Кулидің «айнадағы Мен» концепциясы, зерттеу сондай-ақ мультимәдени отбасыларға қатысты Оңтүстік Кореядағы жетекші еңбектерді, соның ішінде 2015 жылғы Ұлттық мультимәдени отбасылар сауалнамасын ескереді. Әдіснамалық тұрғыда құрылымданбаған сұхбаттар, сауалнамалар және дискурс талдау қолданылып, отбасылардағы этникалық идентификацияның түрлі үлгілері анықталды.
Алдын ала нәтижелер көрсеткендей, орыстілді некелік мигранттардың балаларының этникалық өзін-өзі тануы жиі жағдайға тәуелді болып қалыптасады. Олардың этникалық сезімі сыртқы факторларға (сыртқы келбет, тіл меңгеруі), отбасылық динамикаға (ата-ананың этникалық мәртебесі, есім беру тәжірибесі), сондай-ақ институционалдық жағдайға (білім беру жүйесі, мемлекеттік саясат) байланысты. Аналарымен бірге көшіп келген жасөспірімдер аралас немесе мультимәдени идентификацияға бейім болса, Кореяда туғандар корей қоғамына толық ляциялануға жақын. Зерттеу посткеңестік мәдени ортаның ықпалын айқындап, Оңтүстік Кореядағы мультимәдени саясатты неғұрлым нәзік әрі кешенді ету қажеттігін көрсетеді.
Түйін сөздер: этникалық идентификация, мультимәдени отбасылар, орыстілді мигранттар, этникааралық неке, Оңтүстік Корея, мигрант балалар.
