ҚЫТАЙДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРТУЛАР ІШКІ РЕФОРМАЛАРДАН ЖАҺАНДЫҚ ЫҚПАЛҒА ДЕЙІН
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511543Аннотация
Мақалада Қытайдың ақпараттық технологиялар саласында жүргізген ішкі реформаларынан бастап, цифрландыру саласының жаһандық ықпалына дейінгі, жаңғырту үдерісі қарастырылады. Қытайдағы саяси және экономикалық қайта құрулар технологиялық супер державаның қалыптасуына қалай ықпал еткені талданады, сонымен қатар, Қытайға әлемдік аренада жетекші орынға ие болуға мүмкіндік беретін негізгі факторлар анықталды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы, Қытайдың ақпараттық технологиялар (IT) саласындағы ішкі реформалары және оның жаһандық ықпалы арасындағы байланысты талдауға кешенді көзқараста жатыр. Модернизацияның қытайлық моделін басқа әлемдік орталықтардағы технологиялық үдерістердің дамуымен салыстыруға, сондай-ақ жаһандық бәсекелестік жағдайында, Қытайдың алдында тұрған стратегиялар мен ақпараттық технологиялар (IT) саласындағы, сын-қатерлерді бағалауға ерекше назар аударылады. Міндеті: Қытайда 2000 жылдардың басынан бастап, ақпараттық технологиялар (IT) саласында жүргізілген негізгі реформаларды сипаттау. IT секторының дамуына едәуір ықпал еткен, үкіметтік саясатта, білім беруде және инфрақұрылымда қандай өзгерістер болғанын барынша ашып көрсету. Қытайдың ақпараттық технологияларды дамытудағы және IT саласындағы негізгі компаниялардың өсуіне, олардың ғылыми дамуына жағдай жасаудағы мемлекеттің рөліне баға берілді және Huawei, Tencent, Alibaba және Baidu сияқты қытайлық ірі компаниялардың, жаһандық ақпараттық технологиялар нарығындағы ықпалының ауқымын қалай кеңейтетіні және әлемдегі технологиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін, Қытай қандай стратегиялық қадамдар жасап жатқаны талданды. Мақсаты – қытайлық ақпараттық технологиялардың даму эволюциясын зерттеу, «Цифрлық Қытай», «Қытайда жасалған-2025» бастамасы және олардың жаһандық цифрлық трансформацияларға әсері сияқты мемлекеттік стратегиялардың рөліне талдау жасау. Сондай-ақ, күн сайын артып келе жатқан халықаралық деңгейдегі бәсекелестік жағдайында кездесетін сын-қатерлер және Қытайдың оларға қарсы қолданатын технологиялық іс-шаралары қарастырылады. Мақалада, жинақталған мәліметтер мен деректерді сараптау кезінде, жүйелі түрде талдау және салыстырмалы түрде талдау әдістері қолданылған. Мәліметтер мен деректерді жинау үшін, ақпараттарды тарату саласындағы Қытайдың белді компанияларының зерттеулеріне қоса, қытайлық және халықаралық сараптамалық орталықтардың зерттеулері мен статистикалық есеп-жазбаларының деректері қолданылды. Нәтижелер: Қытайдың ақпараттық технологиялар (IT) саласындағы жаңғыртулар, елде қуатты цифрлық инфрақұрылымның құрылуына және оның әлемдегі жаһандық ықпалын арттырды. Қытай саясатындағы, сапалы интернетке қол жеткізу, мобильді технологиялар және жасанды интеллект саласындағы ішкі реформалар, елдің IT саласындағы технологиялық көшбасшыға айналуы үшін негіз бола алды. Қытайдың әлемдік және мемлекетаралық ақпараттық технологиялар нарығына әсері, Huawei және Alibaba сияқты ірі ұйымдардың қажырлы еңбектерінің арқасында артып келеді, бұл олардың жаһандық нарыққа ықпал ету аумағының кеңеюімен және 5G, жасанды интеллект және блокчейн технологияларының қарқынды дамуына әсерімен расталады.
Түйін сөздер: ақпараттық технология (IT), цифрлық трансформация, жасанды интеллект, стартап экожүйесі, Қытай инновациялары, ішкі реформалар, Қытайдың жаһандық әсері.
