ТАРИХ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ: ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ИСЛАМ МЕН ХРИСТИАН КАРТОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511437
        155 50

Аннотация

Тарих пен география – уақыт пен кеңістікті бейнелейтін іргелі ұғымдар. Осы екі философиялық концепцияның тоғысқан жерінен адамзат өркениеттері бастау алды.  Өркениет – мәдениеттің тереңдетілген және кең тараған деңгейі. Өркениеттер бізге мәдени және ғылыми мұра ретінде тарихи карталарды қалдырды. Бұл карталар – өткеннің құнды дереккөзі ғана емес, сонымен қатар, кеңістіктік танымның көрінісі. Адамзат қоғамының дамуымен бірге карта жасау ісі дербес ғылыми бағытқа айналып, картография ғылымы ретінде қалыптасты. Бастапқыда географияның бір саласы саналғанымен, ғылыми-техникалық прогресс әсерінен картография қазіргі таңда кешенді зерттеу саласына айналды. Осы зерттеудің мақсаты – ортағасырлық ислам әлемі мен христиан дүниесінің картографиялық дәстүрлері салыстырылып, олардың дүниетанымдық, мәдени ерекшеліктері талдау. Бұл салыстыру арқылы екі ірі өркениеттің тарихтағы орнын ғана емес, олардың бүгінгі жаһандық үдерістерге қатысу деңгейін де бағамдауға мүмкіндік туады. Әсіресе қазіргі мұсылман әлемінің жаһандану дәуіріндегі орны мен геосаяси сын-қатерлерге қарсы тұру қабілеті тұрғысынан мәселені қарастыру өзекті болып отыр.

Мақаланың ауқымдылығы мен маңызына және мақсат-міндеттеріне байланысты тарихи-генетикалық әдісті қолданамыз. Бұл арқылы картография ғылымының шығу тегін, эволюциялық дамуын және өркениеттер арасындағы картографиялық дәстүрлердің пайда болуын зерттей аламыз.  Бұдан бөлек, салыстырмалы талдау, мәтін талдау  әдістері бойынша ортағасырлық дереккөздер, карталар мен олардың сипаттамалары арқылы идеологиялық және ғылыми мазмұнын талдай аламыз. Пәнаралық әдісті қолданып, география, тарих, мәдениеттану, философия және саясаттану сияқты бірнеше ғылым саласының шекарасында тұрған мәселені кешенді қарастыра аламыз. Бұл әдістер арқылы картаны тек географиялық құрал ретінде емес, мәдени-танымдық феномен ретінде де қарастыруға болатынына көз жеткіземіз.

Ғылыми зерттеулер мен тарихи деректерге сүйенсек, адамзат өркениетінің даму үдерісінде ислам әлемі ғылым мен білім саласында аса ірі жетістіктерге қол жеткізгені анық байқалады. Ортағасырлық кезеңде мұсылман әлемі медицина, математика, астрономия, философия және өзге де ғылым салаларында әлемдік деңгейде ілгері дамып, кейінгі өркениеттердің қалыптасуына елеулі ықпал етті. Алайда, тарихтың белгілі бір кезеңдерінде орын алған саяси тұрақсыздықтар, мәдени трансформациялар, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстардың салдарынан ислам әлемінің ғылыми көшбасшылығы әлсіреп, тарихи сахнадағы орны кейінгі қатарға ысырылды. Қазіргі жаһандану жағдайында мұсылман әлемінің жаһандық геосаяси және геоэкономикалық орталықтарға тәуелділігі артып отырғаны байқалады. Бұл жағдайды еуроцентризм тұрғысынан біржақты бағалау – тарихи әділеттіліктен алшақ түсетін ұстаным болып табылады.

Тарихи-өркениеттік дамудың циклдік сипатын ескере отырып, әлемдік үстемдік пен өркениеттің мәңгілік сипатқа ие еместігін, әр дәуірдің өзіндік ерекшелігімен алмасып отыратынын, ғылыми-техникалық және мәдени прогрестің кезең-кезеңімен дамитынын пайымдауға болады. Демек, қазіргі әлемдік тәртіп те өзгермелі, ал бұл өзгерістерде ислам әлемінің жаңғыру мүмкіндігі мен ғылыми әлеуетін қайта жандандыру әлеуеті бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Әсіресе, өркениеттер арасындағы қақтығыстар мәселесінде өзгерістер мен тарихи шынайылық арасындағы салыстырмалы тәртіпті сақтай білудің маңызы жоғары болмақ.

Түйін сөздер: картография, мәдениеттерді салыстырмалы талдау,   тарихи карталар, ортағасырлық ислам картографиясы, христиан картографиясы,  өркениеттер қақтығысы, жаһандану және геосаясат.

Авторлардың биографиясы

Қ. Сарқытқан, Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институты, Алматы қ., Қазақстан

Қастер Сарқытқан – география ғылымдарының кандидаты, Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан), е-mail: kaster012@mail.ru

С.К. Әмірбекова, Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институты, Алматы қ., Қазақстан

Сағыныш Көпенқызы Әмірбекова PhD, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан), е-mail: sagynysh.amirbekova@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Сарқытқан, Қ. ., & Әмірбекова, С. . (2025). ТАРИХ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ: ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ИСЛАМ МЕН ХРИСТИАН КАРТОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ . ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 114(3), 76–90. https://doi.org/10.26577/JOS202511437

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ