БА ЦЗИН МЕН БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БАТЫРЛЫҚ НАРРАТИВТЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511439
        130 38

Аннотация

Мақалада қытай жазушысы Ба Цзин мен қазақ қаламгері Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы батырлық нарративтер нарратология және этикалық сын теориялары тұрғысынан салыстырмалы талданады. Зерттеуде соғыс тақырыбын көркем бейнелеудегі авторлық ұстаным, кейіпкерлер жүйесі, баяндау формасы мен көркемдік тәсілдер зерделенеді. Батырлық ұғымы тек майдан даласындағы ерлікпен ғана емес, сонымен қатар кейіпкердің рухани өсу жолы, ішкі өзгерістері мен моральдық таңдаулары арқылы ашылады. Ба Цзин прозасында батырлық социалистік реализм аясында ұжымдық батыр бейнесі суреттеліп, патриотизм идеологиялық борыш ретінде сипатталады. Ал Бауыржан Момышұлы шығармаларында батыр тұлғаның ішкі тәртібі, ерік-жігері мен рухани кемелденуі алдыңғы қатарға шығады, бұл жазушының әскери және педагогикалық тәжірибесімен тікелей байланысты.

Зерттеу барысында авторлардың батырлықты жеткізудегі нарративтік құрылымдары, символдар мен метафоралар жүйесі талданып, олардың ұлттық тарихи жад пен мәдени құндылықтарды көркемдік тұрғыда бейнелеу ерекшеліктері сараланады. Салыстырмалы тәсіл арқылы Қытай мен Қазақстан әдебиеттеріндегі батырлық концептісінің ұлттық болмыс пен жалпыадамзаттық құндылықтар тоғысында қалай көрініс табатыны ашылады. Мақалада батыр бейнесінің ұлттық әдеби дәстүр мен тарихи сананың ықпалымен трансформациялану үдерісі ғылыми тұрғыда зерделенеді.

Түйін сөздер: батырлық, патриотизм, рухани төзімділік, соғыс прозасы, Ба Цзин, Бауыржан Момышұлы, моральдық таңдау, ұлттық сана, қаһарман бейнесі.

Авторлардың биографиясы

А.А. Туймебекова , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Туймебекова Алия Абзелбековна - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, Алматы қ., Қазақстан. e-mail: atuymebekova@mail.ru

Н. Бирай , Памуккале Университеті, Түркия, Денизли қ.

Нергис Бирай - Памуккале университетінің профессоры, философия докторы (PhD), Денизли қ., Түркия. e-mail: nergisb@gmail.com

Р.М. Саламатова , М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Қазақстан, Тараз қ.

Саламатова Рахат Маханбетжановна -  филология ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, Тараз қ., Қазақстан. e-mail: dosik...judo@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Туймебекова , А., Бирай , Н., & Саламатова , Р. (2025). БА ЦЗИН МЕН БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БАТЫРЛЫҚ НАРРАТИВТЕР. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 114(3), 102–114. https://doi.org/10.26577/JOS202511439

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ