ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511438
        203 101

Аннотация

Корея Республикасы цифрлық технологиялар бойынша жаһандық көшбасшы болып табылады және оның инновациялық тәсілдері цифрлық мәдениеттің дамуына белсенді әсер етеді. Бұл зерттеудің мақсаты – Оңтүстік Кореядағы цифрлық мәдениетті дамытудың инновациялық тәсілдерін талдау және мәдени салада цифрлық технологияларды тиімді енгізуге ықпал ететін факторларды анықтау. Зерттеудің негізгі бағыттарына технологиялардың мәдени тәжірибеге әсерін бағалау, мемлекеттік саясаттар мен стратегияларды талдау және мәдени ортаға цифрлық шешімдерді сәтті интеграциялау мысалдарын зерттеу кіреді. Цифрлық инновациялар мен мәдени трансформация арасындағы қарым-қатынасқа, сондай-ақ олардың мәдени мұраны сақтаудағы және шығармашылықты ынталандырудағы рөліне басты назар аударылады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы цифрлық мәдениет туралы теориялық түсінікті кеңейтуде, ал практикалық маңыздылығы мәдениет саласына цифрлық технологияларды тиімді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуде. Зерттеу әдістемесі цифрлық мәдениетті дамытудың инновациялық тәсілдерін зерттеу үшін құжаттық дереккөздер мен статистикалық деректерді талдауға негізделген кешенді тәсілді қамтиды. Зерттеу сонымен қатар мемлекеттік ұйымдар мен мәдениет мекемелері арасындағы қарым-қатынастарды тереңірек түсіну үшін ойын теориясы мен желілік талдауды пайдаланады. Зерттеу нәтижесінде Оңтүстік Корея мәдениетіне цифрлық технологиялардың сәтті интеграциясы мемлекеттік қолдау мен мәдениеттер мен технологиялар арасындағы ынтымақтастыққа байланысты екені анықталды. Жұмыс нәтижелері мәдениет саласын цифрлық трансформациялауға ұмтылатын басқа елдерге үлгі бола алады.

Түйін сөздер: цифрлық мәдениет, инновациялық тәсілдер, Оңтүстік Корея, цифрлық технологиялар

Авторлардың биографиясы

Н. Е. Хамитова , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Хамитова Назерке Ермековна, PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан (e-mail: khamitovanaz@gmail.com)

А. Е. Белялова , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Белялова Әйгерім Ермекқызы, Қиыр Шығыс кафедрасының доценты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан (e-mail: aigerim.belyalova@kaznu.edu.kz )

Жүктелулер

Как цитировать

Хамитова N. E. ., & Белялова A. E. . (2025). ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР . ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 114(3), 92–101. https://doi.org/10.26577/JOS202511438

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ