ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУГЕ АЙМАҚ ІШІНДЕГІ ИМПУЛЬСТІ ІЛГЕРІЛЕТУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511325Аннотация
Авторлар әлемдегі күрделі геосаяси жағдайды ескере отырып, Орталық Азия аймағы кеңістігіндегі аймақ ішіндегі ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті дамытудың проблемалары мен мүмкіндіктерін қарастырған. Қысқа және орта мерзімді перспективалар бойынша қарастырылған аймақ дамуының ішкі және сыртқы факторларына баға берілді. Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық кооперациясының дамуына SWOT-талдау әзірленді. SWOT-матрицасы бағалаудың негізгі векторларын ескереді: күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері, осыған сәйкес, Орталық Азия (ОА) елдері ынтымақтастығының бірлескен кешенді бағдарламаларын дамыту жөніндегі институттарын құру қажеттілігі анықталды. Бұл елдік, аймақтық, аймақаралық және жаһандық өлшемдермен келісілген және үйлестірілген жалпыаймақтық саяси стратегия мен тактиканы жүргізу үшін маңызды. Жалпыаймақтық проблемаларды шешу кезінде, ең алдымен, Орталық Азиядағы барлық субъектілердің мол дипломатиялық құралдардың кең спектрін қолдана отырып, жалпыаймақтық мәселелерді шешуге деген сенімнің негіздерін қалыптастыру қажеттілігі айрықша атап өтілген. Онан басқа, заманауи жаһандық тәуекелдер мен сын-тегеуріндер жағдайында, басым ішкі мәселелер мен проблемаларды шешу үшін, аймақ өз ресурстарын және әлеуетін шоғырландыруы заңды және қажетті болып табылады.
Түйін сөздер: Қазақстан, Орталық Азия, аймақ, ынтымақтастық, кооперация, бірлесу, қауіпсіздік.
