«БАТЫС АЙМАҚТАРДЫҢ ЖЕР˗СУ АТТАРЫ СӨЗДІГІ» ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ ТАРИХИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • Д. Мәсімханұлы ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-2986-1499
  • Қ. Ғабитханұлы ҚР ҒЖБМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-4434-2291
  • Н.Х. Дарбай ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0002-5522-221X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511323
        166 107

Аннотация

ҚХР ШҰАА-ның орталығы Үрімші қаласында орналасқан «Шыңжаң халық баспасы» (新疆人民出版社) бес тілде (қытай, ұйғыр, қазақ, моңғол, қырғыз) кітап басып шығаратын мемлекеттік іргелі баспа-корпарациясы болып табылады. Жергілікті халықтардың тарихы мен мәдениетіне, өлкенің тарихи географиясына қатысты, Шыңжаң мен Орталық Азия өңірінің «Ұлы Жібек жолы» кезеңіндегі тарихи рөлі мен маңызы туралы деректер мен зерттеулерді көбірек жарияға шығару – аталған баспаның басым бағыттарының бірі деуге болады. Сондай іргелі еңбектің бірі – аталған баспадан 2001 жылы қытай тілінде жарық көрген «Батыс аймақтардың жер-су аттары сөздігі» («西域地名词典»). Бұл мақалада аталған сөздікке енген Орталық Азия мен Қазақстанға қатысты тарихи топонимдердің этимологиясы, олардың қытай тілінде хатқа түскен кезеңі, сондай-ақ олардың географиялық орны мен ауқымы өзге де деректермен салғастырыла отырып, жан-жақты қарастырылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты – «Батыс аймақтардың жер˗су аттары сөздігіндегі» ОА мен қазақ жеріне қатысты жер-су атауларын тарихи салғастырмалы және этимологиялық әдістер арқылы қарастыру, сондай-ақ оларға семантикалық тұрғыдан талдау жүргізу, жүйелеу. Мұндағы қытай сөздігінен алынған мәліметтер отандық топонимика ғылымында жаңа, әрі өзекті тақырыптардың бірі, сондықтан бұл – мақаланың жаңалығы десек те болады. Төменде қытай иероглифтерімен хатқа түскен өз аймағымызға қатысты топономикалық атаулардың ерекшеліктері, олардың тіліміздегі нақты аудармасы мен қытайша түпнұсқасы қатар көрсетіліп, реконструкцияланады, сипаттамалар беріледі.

Тілімізде әрқалай  аударылып жүрген қолданыстағы топонимикалық атауларды біріздендіру және ғылыми айналымға енгізу бұл жұмыстың ғылыми және практикалық нәтижесін көрсетеді.

Түйін сөздер: «Батыс аймақтар», жер-су аттары, ҚХР, ШҰАА, Орталық Азия, Қазақстан, тарихи топонимдер.

Авторлардың биографиясы

Д. Мәсімханұлы, ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан, Алматы қ.

Мәсімханұлы Дүкен (корреспондент авторы) – филология ғылымдарының докторы, ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры. (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: masimkhan-63@mail.ru );

Қ. Ғабитханұлы , ҚР ҒЖБМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

Ғабитханұлы Қайрат – филология ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор. (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: kayrat.g@mail.ru );

Н.Х. Дарбай , ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан, Алматы қ.

Дарбай Назерке Хамитқызы – гуманитарлық ғылымдар магистрі, ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері. (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: darbay.nazerke@gmail.com ).

Жүктелулер

Как цитировать

Мәсімханұлы, Д., Ғабитханұлы , . Қ., & Дарбай , Н. (2025). «БАТЫС АЙМАҚТАРДЫҢ ЖЕР˗СУ АТТАРЫ СӨЗДІГІ» ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ ТАРИХИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 113(2), 28–42. https://doi.org/10.26577/JOS202511323

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ