ОРЫС ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511322
        153 75

Аннотация

 

Бұл зерттеуде орыс және қытай тілдеріндегі кірме сөздердің қабылдану процестері қарастырылады. Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі кірме сөздерді әлеуметтік желілерде қолдану ерекшеліктеріне коммуникативтік-прагматикалық талдау жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі динамикалық тілдік процестерді зерттеу кезінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер тілдің лексикалық құрамын толықтырудың, соның ішінде әртүрлі шет тілдерінен алынған сөздер арқылы толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі соңғы онжылдықтарда белсенді тілдік процестерді түсінуге деген ғылыми қызығушылықтың артуымен және лингвисттердің әртүрлі тілдер жүйесіндегі динамикалық құбылыстарды салыстырмалы зерттеулер арқылы талдап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға ұмтылысымен байланысты. Талданатын тілдердегі кірме сөздерді зерттеудің әртүрлі аспектілеріне арналған ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, материалды таңдау негізделіп, зерттеу әдістері сипатталады.

Қазіргі орыс және қытай тілдеріндегі сөйлеу тілін салыстырмалы талдау нәтижелері, сондай-ақ алынған лексиканың негізгі қабаты ұсынылған. Дискуссия бөлімінде талданатын елдер мен тілдердегі кірме сөздердің дискурстағы негізгі функцияларының сәйкес келуі ағылшын тілінің әмбебап халықаралық коммуникация құралы ретіндегі берік ұстанымымен негізделетіні дәлелденді.

Түйін сөздep: кірме сөздер, орыс тілі, қытай тілі, ағылшын тілінен алынған кірме сөздер, салыстырмалы зерттеу.

Авторлардың биографиясы

Р. Пак, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Пак Раиса Леонидовна – Докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ. Қазақстан, электронды адрес: raisapark93@gmail.com)

Ф. Оразақынқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Оразақынқызы Фарида – PhD, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ. Қазақстан, электронды адрес: faridak09@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Пак R. ., & Оразақынқызы F. (2025). ОРЫС ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 113(2), 18–26. https://doi.org/10.26577/JOS202511322

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ