ВЛАДИМИР ЖАБОТИНСКИЙДІҢ «ТЕМІР ҚАБЫРҒА» КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖӘНЕ 1920 ЖЫЛДАРДАҒЫ ПАЛЕСТИНАДАҒЫ АРАБ МӘСЕЛЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511219Аннотация
Бұл мақалада Владимир Жаботинскийдің ревизионистік сионизмі, оның «темір қабырға» концепциясы және 1920 жылдардағы Палестинадағы араб мәселесі қарастырылады. Владимир Жаботинскийдің саяси еңбектеріне және арнайы зерттеулерге сүйене отырып, бұл мақала ревизионистік сионизмді және оның 1920 жылдардағы еврейлердің Палестинаны отарлау мен олардың бұл елдің байырғы халқына қатысты саясатын зерттеуге бағытталған. Тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді тарихи және сыни талдау арқылы бұл зерттеу ревизионистік сионизмнің негізін қалаушы Владимир Жаботинскийдің Палестинаның болашағына қатысты, сондай-ақ Палестинада еврейлердің мемлекетін құру және сионистердің жергілікті халыққа қатысты саясатына қатысты көзқарасын түсінуге тырысады. Тарихи деректерді талдау және зерттеу еңбектеріне шолу жасау Владимир Жаботинскийдің 1921 жылы Палестинаны екі бөлікке бөлу жөніндегі Британияның саясатына және жергілікті халықтың сионизмге және Палестинаны отарлауға тегеуірінді қарсылығына жауап ретінде ревизионистік сионизмді құруға мәжбүр болғанын көрсетті. Бұған қоса Жаботинскийдің пікірі бойынша сионистер Палестинада еврей мемлекетін тек «темір қабырға», яғни еврей әскери бекінісін салу арқылы ғана құруға болатынына көзі жеткені анықталды. Осылайша, Жаботинский тек «темір қабырға» сионистердің жеңіске жетуіне және Палестинада еврей мемлекетін құруға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп болжады. Осыған байланысты бұл зерттеу тек тарихи тұрғыдан ғана маңызды емес, сонымен қатар Израильдің 1948 жылдан бері Палестинаның байырғы халқына қатысты саясатын түсіну тұрғысынан да өзекті.
Түйін сөздер: Жаботинский, Темір қабырға, сионизм, Палестина, еврейлер, арабтар, Ревизионистік сионизм.