ЖАПОНИЯДАҒЫ НЕКЕ МИГРАЦИЯСЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511216Аннотация
Зерттеу жұмысында осы уақытқа дейін Жапониядағы халықаралық неке миграциясы тақырыбында жазылған жапон, ағылшын тілдеріндегі еңбектерге шолу жасалып, талданды.
Зерттеу тақырыбы- Жапониядағы неке миграциясының зерттелу деңгейі.
Жұмыстың мақсаты- Жапониядағы неке миграциясына тарихнамалық шолу жасау.
Жұмыстың міндеттері- осы салада жазылған еңбектерді жинау, жүйелеу, осы салада қарастырылып жатқан зерттеу тақырыптарының негізгі бағыттарын, трендтерін анықтау, қай жылдан бастап зерттеу жүмыстары жүргізілген, қай елдер қамтылған, әрбір зерттеушінің жұмысына тоқталып, талдап, сонымен қатар қай бағыттарға зерттеу жұмыстары аз жүргізілгенін қарастыру.
Жұмыстың өзектілігі- жапон қоғамында орын алған демографиялық мәселелерге байланысты мигранттар санының өсуі, соның салдары неке мигранттарының өсуіне жапон қоғамының қарым-қатынасын ашып көрсету.
Бұл тақырыптың қандай контексте зерттеліп жатқаны, хронологиялық шеңбері, қандай аймақтар ең көп қамтылғаны, жапон, ағылшын тілдеріндегі зерттелген жұмыстардың хронологиялық, географиялық ерекшеліктерге жеке-жеке тоқталып, сараланды. Нәтижесінде жапон еліндегі әлеуметтік, экономикалық жағдайға байланысты неке мигранттарының мақсаты, мүдделері, оларды қоғамның қабылдауы, ғалымдармен жүргізілген зерттеу аясы да, зерттеу жұмыстары да, тақырыптары да, трендтері де әртүрлі болғанын, соған байланысты зерттеу жүмыстары елге, аймаққа, әр елдің мәдени, ұлттық ерекшеліктеріне, елдің экономикалық, әлеуметтік дамуына, жылдарға бөліп қарау, зерттеу жұмысының құндылығын арттырып, практикалық өзектілігі мол болады деген тұжырым жасалды.
Түйін сөздер: халықаралық неке, неке миграциясы, миграция, демография
