'ИЛМ СӨЗІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «ИХСА’ УЛ-'УЛУМ» ТРАКТАТЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511212Аннотация
Әбу Насыр әл-Фарабидің Ихса’ ул-'Улум немесе «Ғылымдардың жіктелуі» трактаты оның заманындағы ғылымның әртүрлі салаларын қамтитын ғылыми-энциклопедиялық еңбек. Трактат авторы ғылымдарды тек жіктеп-жүйелеп қана қоймай, сонымен қатар мақсат-міндеттерін айқындай отырып, әрбір ғылымға қосымша классификация жүргізе білген. Әрбір ғылым саласына жеке тоқталып, мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, жеке-жеке классификациясын жүргізген. Қазақ тіліне ілім, білім, ғылым ретінде енген араб тілінің «'илм» сөзі трактатта жиі қолданылатын кілт өздердің бірі болғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін зерттеу нысанына айналмаған. Ана тілі араб тілі емес Фараб өңірінен шыққан әл-Фараби қарастырылып отырған түбір сөзді білім және ғылым (ілім) мағынасында қолданылады. Бұл мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ғылымдардың жіктелуі» трактатының түпнұсқа тілі – араб тіліндегі 'илм сөзі мен онымен түбірлес сөздердің мағыналары қарастырылады. Жиі қолданылатын түбірлес сөздерді әл-Фарабидің трактаттарының бірінде анықтау фарабитану саласында алғаш рет қолға алынып отыр. Зерттеудің мақсаты – әл-Фарабидің жоғарыда аталған трактатында қолданылған 'илм түбірі мен оның түбірлес үлгілерін зерттеу. Сондай-ақ зерттеу барысында анықталған бір түбірлі сөздердің қолданылу жиілігінің сандық талдауы да жүргізіледі.
Түйін сөздер: Ғылымдар жіктемесі, 'илм, ғылым, білім, бір түбірлі сөздер, әл-Фараби, араб
