SMART ҚОҒАМДАҒЫ ЖАПОНДЫҚ ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПЕРСПЕКТИВАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.08Аннотация
XX ғасырда модернизацияланған Жапония XXI ғасырда әлемдегі ең қарқынды даму үстіндегі елге айналды. Америка Құрама Штаттарынан кейін экономикалық тұрғыдан екінші орынды алған Жапония технологияның биік шыңын көрсетуде. Одан бөлек, әлемнің кез келген даму шыңдарында да өз қабілетін жетілдіріп, бірнеше мыңдаған тарихын қалыптастырып, құндылықтарын сақтай білген ел болып табылады. Технологияның қарқынды өзгерістері, дамуы, қоғам мен адамның күнделікті өміріне де өзгерістер әкелді. Жапондық цифрлық технологияның мүмкіндіктері мен кем тұстары көрсетіліп, смарт қоғам құрудағы Жапонияның рөлі айқындалды. Сонымен қатар, Society 5.0 тенденциясын тек бір бағытта ғана емес, әртүрлі салалардағы айқын тұстарын зерттеу. Оған мысал ретінде, IoT, AI, робототехника сияқты аса құнды витртуалды көмекшілер көрстіледі. Жапония ақылды қоғамның негізін бастаған ел бола отырып, бірнеше елдермен тығыз қарым қатынас жасай отырып, олардың да тәжірибелеріне сүйеніп, жұмыс атқарды. Яғни, Қоғам 5.0 технологиялары қартаюға, халықтың азаюына және ірі табиғи апаттарға байланысты мәселелерді шешу үшін таптырмас күш болып есептелінеді. Ақпараттық қоғамнан ақылды жапондық қоғамға өту жапондықтар үшін виртуалды өмір мен шынайы өмірді баланста ұстауға әсерін тигізді. Бұл қоғамды жапондықтар алдыңғы орындардағы дамыған мемлекет ретінде қабылдау еш кедергісіз орын алды. Болашақта Жапониядағы бұл смарт қоғам смарт әлемді құратыны сөзсіз.
Түйін сөздер: Жапония, Society 5.0, AI, IoT, смарт әдістер.