АМЕРИКАНЫҢ БҰҰ-ДАҒЫ КОРЕЙ СОҒЫСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАРЫН РЕПАТРИАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ САЯСАТЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v111.i4.05Аннотация
1950-1953 жж. корей соғысына оңтүстік кореялықтар жағында американдық әскери қолбасшылық бастаған БҰҰ қарулы күштері, ал солтүстік кореялықтар жағында қытай халық еріктілері белсене қатысты. Ұрыс қимылдары барысында екі жақтың да он мыңдаған сарбаздары әскери тұтқындарға арналған лагерьлерге түсті. Әскери тұтқындарды алмастыру туралы келіссөздер тұтқындар санында айырмашылық болуымен және Солтүстік Корея мен Қытайға оралудан бас тартқандардың болуымен күрделенді. 1951 жылғы желтоқсанда БҰҰ қарулы күштері 132 474 адамнан тұратын әскери тұтқындардың тізімін, ал Солтүстік Корея тарапы - 11 559 адам тізімін берді. Алайда КХДР армиясының Бас қолбасшылығы бастапқыда оңтүстіккореялық әскери тұтқындардың саны 100 000 адамнан асқанын мәлімдеген. Сәйкесінше, БҰҰ қарулы күштері солтүстік кореялық тараптан «жоғалып кеткен оңтүстіккореялық әскери тұтқындарға» қатысты түсініктеме беруді талап етті. Келіссөздерде Солтүстік Кореяның Халықаралық Қызыл Крест комитетінің әскери тұтқындар лагеріне бақылау жүргізу үшін кіруіне тыйым салуы аса маңызды мәселе болды. Зерттеудің мақсаты - Корей соғысының тұтқындарымен алмасу шарттары туралы мәселеге қатысты американдық саясатты зерделеу. Мақалада американдықтар мен олардың одақтастарының «ерікті репатриациялау» бастамасы негізінде әскери тұтқындардың жеке тілектері ескерілген, ал Солтүстік Корея барлық әскери тұтқындарды отанына қайтаруға ұмтылған.
Кілтті сөздер. Корей соғысы, әскери тұтқындар, репатриация, БҰҰ.