ҚАЗІРГІ ПӘКІСТАНДАҒЫ ПЕНДЖАБИЛЕРДІҢ ЭТНИКАЛЫҚ БІРЕГЕЙЛІГІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТТАР
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v110.i3.05Аннотация
Мақалада Пәкістан қоғамының этникалық құрылымы мен тарихи ерекшелігін ескере отырып пенджабтықтар мысалында этникалық мәселелерді шешудегі мемлекеттік саясаттың рөліне кешенді талдау жасалынады. Бұл процестердің негізінде өзінің территориясы, ана тілі және төл мәдениетінің жеке ерекшеліктері бар егеменді тұрақты қауымдастық ретінде белгілі бір этностың ұлттық болмысты қайта жаңғырту мен түлетуіне деген ұмтылысы жатыр. Пәкістан Ислам Республикaсының ұлттық және этникaлық aзшылықтaрдың мәдени бірегейлігі мен жергілікті тілді сaқтaу және дaмытумен бaйлaнысты қaтынaстaрды реттейтін, бұғaн қосa, мемлекеттік бaсқaру оргaндaры мен осы мәселелер aясындaғы территориялық өзін-өзі бaсқaру бірліктерінің міндеттері мен құзыреттілігін aнықтaйтын зaңнaмaлық aктілері қaрaстырылaды. Пәкістан пенджабилерінің мысалында ресми мемлекеттік институттар мен этникалық топтар арасындағы өзара іс-қимыл процестеріне талдау беріледі. Қазіргі әлемдегі жаһандану процестерінің дамуы этникалық бірегейлік пен этносаралық коммуникация проблемаларын өзектендіреді. Осыған байланысты этносаралық қатынастарды реттеудің пәкістандық тәжірибесін зерделеу этносаралық байланыстар көп арналы және қарқынды сипаттағы полиэтникалық қоғамда ұлттық саясатты жүзеге асыру тәжірибесін талдау тұрғысынан өзекті болып табылады. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне шетелдік авторлардың далалық зерттеулерінің нәтижелері, сондай-ақ отандық және пәкістандық зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды.
Түйін сөздер:Пәкістандық пенджабтықтар, ұлттық бірегейлік, азшылдықтардың құқықтық мәртебесі, азшылық тілі.