АЛЖИР МЕН ПАЛЕСТИНАДАҒЫ ФРАНЦУЗ ЖӘНЕ СИОНИСТІК ҚОНЫСТАНУШЫ ОТАРШЫЛДЫҒЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v110.i3.01Аннотация
Мақалада Алжирдегі француз қоныстанушы отаршылдығы мен Палестинадағы еврей сионистік қоныстанушы отаршылдығы салыстырмалы түрде зерттелініп, талданады. Француз қоныстанушы отаршылдығы мен еврей сионистік отаршылдығының тарихы мен тарихи даму эволюциясын қарастыру барысында бұл зерттеуде қоныстанушы отаршылдықты талдау мен салыстырмалы қоныстанушы отаршылдық әдістері пайдаланылды. Қоныстанушы отаршылдық саласындағы бұл әдістер қоныстанушы отарларының тарихын, пайда болуы мен дамуын тереңнен қарастырып, баға беруге мүмкіндік береді. Бұл әдістерді пайдаланудағы басты мақсатымыз - Алжирдегі француз қоныстанушы отаршылдығы мен Палестинадағы еврей сионистік отаршылдығының арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау. Бұл зерттеуден алынған нәтижелер француз және сионистік қоныстанушы отаршылдығының арасында айтарлықтай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін айқын көрсетті. Француз және сионистік қоныстанушы отаршылдығына ортақ басты ерекшеліктің бірі - олардың элиминация логикасын басшылыққа алуы. Элиминация логикасы ең алдымен қоныстанушы отаршылдардың отарлардың байырғы халқын қырып-жою, этникалық тазалау, геноцидке ұшырату және мәдени ассимиляцияға ұшырату бағытындағы саясаты мен практикасының жиынтығы болып саналады. Осы тұрғыдан келгенде француз және сионистік қоныстанушы отаршылдығы жергілікті байырғы халықтарға қарсы қиянат көрсету саясатын жүйелі түрде жүргізді. Дегенмен француз қоныстанушы отаршылдығымен салыстырғанда сионистік қоныстанушы отаршылдығы Палестинаның байырғы халқын мәдени тұрғыдан ассимиляциялауға аса құлықты болмады. Екі қоныстанушы отаршылдықтың арасындағы тағы бір айырмашылық – Алжирдегі француз қоныстанушы отаршылдығы өз өмір сүруін тоқтатқанымен, Палестинадағы сионистік қоныстанушы отаршылдығы осы күнге дейін жойылмай, салтанат құрып келеді. Осы тұрғыдан келгенде бұл зерттеу жалпы қоныстанушы отаршылдықты зерттеу мен салыстырмалы қоныстанушы отаршылдық салаларына үлес қосады. Бұған қоса біздің зерттеу осы салалардағы жүргізілетін өзге зерттеулер үшін бағыт-бағдар бола алады, және біз болашақта салыстырмалы қоныстанушы отаршылдығы саласында қомақты зерттеулер көптеп жүргізілуі керек деп есептейміз.
Түйін сөздер: Франция, сионизм, Алжир, Палестина, отаршылдық, қоныстанушы отаршылдық