Сионистік-израиль қоныстанушы отаршылдығы мен Палестинадағы этникалық тазалаудың тарихи-идеологиялық тамырлары

Авторлар

  • Ғ.Б. Жұматай Нархоз университетi, Казахстан, Алматы
  • A. Ысқақ Нархоз университетi, Казахстан, Алматы https://orcid.org/0000-0003-3998-584X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.04
        470 443

Аннотация

Мақалада Палестинада этнократиялық еврей мемлекетін құру бағытында сионистік-израиль режимінің Палестинаның байырғы халқына қарсы этникалық тазалау саясатының тарихи және идеологиялық тамырлары мен негіздері зерттеліп талданады. 2023 жылдың 7 қазанынан бергі Израильдің Газадағы әскери басқыншылығы Израиль саяси элитасы мен қоғамының Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиндіктерге қарсы геноцид жүргізу пиғылын айқын көрсетіп берді. Израиль Газа секторында басқыншылық соғыс жүргізе отырып палестиндіктерді мәжбүрлі түрде басқа аумаққа көшіру арқылы бұл жерге еврейлерді қоныстандыруды, Газадағы еврей отарлық қоныстарын жүйелі түрде салуды мақсат етіп отыр. Израиль дәл осындай саясатты Батыс жағалауда 1967 жылдан бері жүргізіп келеді. Сондықтан бұл зерттеу аясында біз мына сұраққа жауап беруге тырысамыз: Неге Палестинаның байырғы халқына қарсы этникалық тазалау жүргізу сионистік қозғалыстың бастапқы кезден тұрақты әрі мақсатты саясаты болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін израиль-палестин жанжалының тарихи тамырларын, соның ішінде еврей Израиль мемлекетін құруға қол жеткізу үшін Палестинаның байырғы халқын күштеп көшіруді мақсат еткен сионистік отаршылдықтың тарихи және идеологиялық негіздерін терең талдау жасау қажет. Осы бағытта Мишель Фуконың сыни дискурс анализі мен Пьер Бурдьнің мәдени репродукция тұжырымдамасына сүйене отырып 1948 жылға дейінгі сиониз лидерлерінің халықтарды трансфер жасау жөніндегі дискурстарына сыни талдау жасаймыз. Сонымен бірге, сионистік қозғалыс пен Израиль мемлекетінің отарлық және экспансионистік сипатын тереңнен түсіну үшін қоныстанушы отаршылдық концепциясын пайдаландық. Тақырыпқа қатысты әдебиеттер мен сионистік дискурстарды сыни талдаудан өткізе отырып бұл зерттеу аясында біз этнократиялық Израиль мемлекетін құру жолындағы сионистердің Палестинаның байырғы халқына қарсы бағытталған этникалық тазалау саясатының сабақтастығы мен үздіксіз жүргізіліп келе жатқанын анықтадық. Бастапқы кезден осы күнге дейін палестиндіктерді Палестинадан мәжбүрлі түрде қуып жіберу арқылы тек еврейлердің мемлекетін құру сионистік отаршылдықтың саясатының негізін құрады.

Түйін сөздер: Палестина, Израиль, сионизм, қоныстанушы отаршылдық, этникалық тазарту, палестиндіктер, арабтар, еврейлер

Авторлардың биографисы

Ғ.Б. Жұматай, Нархоз университетi, Казахстан, Алматы

Жұматай Ғабит Бекенұлы (автор-корреспондент) - Нархоз Университеті тарих
ғылымдарының докторы, Қазақстан, Алматы қ., e-mail: gabit.zhumatay@narxoz.edu

A. Ысқақ, Нархоз университетi, Казахстан, Алматы

Ысқақ Ақмарал - Нархоз университеті доценті, тарих ғылымдарының докторы,
Қазақстан, Алматы қ., e-mail: akmaral.yskak@narxoz.edu

Жүктелулер

Как цитировать

Жұматай G. ., & Ысқақ A. (2024). Сионистік-израиль қоныстанушы отаршылдығы мен Палестинадағы этникалық тазалаудың тарихи-идеологиялық тамырлары. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 108(1), 38–48. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.04

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ