ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЛЕЙДЕН КІТАПХАНАСЫНДА САҚТАЛҒАН ҚОЛЖАЗБА ТРАКТАРТТАРЫНА ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.08
        129 101

Аннотация

Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің бізге жеткен қолжазба трактаттарына көңіл бөлу мәселесі көтеріледі. Зерттеу жұмысының мақсаты Нидерландының Лейден университетінің кітапханасында Әбу Насыр әл-Фарабиге тиесілі қолжазбаларды анықтау, оларға талдау жасау. Олардың нақты саны мен толық атын анықтаудың қажеттілігі алға тартылады. Сондай-ақ әл-Фарабидің күні бүгінге дейін ғылыми айналымға енбеген тек қолжазба күйінде сақталып отырған трактаттарының саны аз еместігіне көңіл аудартылады. Бұл мақалада Нидерландыдағы Лейден университеті кітапханасында сақтауда тұрған әл-Фарабиге тиесілі қолжазба трактаттардың жалпы саны мен аты анықталып, олардың кітапханадағы тіркеу нөмерлері нақты көрсетіледі. Осы трактаттар арасында әлі ғылыми айналымға енбеген, қазақ тіліне аударылмаған трактаттың бар екендігі айтылады. Сипаттамасы берілген Maqālāt ar-Rafīʿa fī Uṣūl ʿIlm aṭ-Ṭabīʿa (Тіркеу нөмері: Or.2930); ʿUyūn al-Masāʾil (Тіркеу нөмері: Or.184:13); Fī mā yanbaġī an yuqaddama qabla taʿallum al-falsafa (Тіркеу нөмері: Or. 184:7) атты осы 3 (үш) қолжазба трактаттың алғашқы және соңғы беттерінің көшірме нұсқалары қоса берілді. Мақаланы әзірлеу барысында әл-Фарабиге тиесілі бірегей қолжазбаларды жинау, топтастыру, саралау, салыстыру, түпнұсқадан аудару, дәйектеу, тұжырымдау және т.б. әдістер қолданылды.

Кілт сөздер: Әл-Фараби, қолжазба, түпнұсқа мәтін, аударма, сипаттама.

Жүктелулер

Как цитировать

Paltore, Y. (2023). ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЛЕЙДЕН КІТАПХАНАСЫНДА САҚТАЛҒАН ҚОЛЖАЗБА ТРАКТАРТТАРЫНА ТАЛДАУ . ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 107(4), 77–85. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.08

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ