КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОШАМА-ҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.02Аннотация
ОШАМА – Оңтүстік Кореяның төртінші сауда серіктесі, сондықтан Сеул Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің аймақтық блогына қатысты белсенді сыртқы саясат жүргізуде. Шартты түрде Оңтүстік Корея ғалымдары ОШАМА елдерін дамудың төрт деңгейіне бөледі: 1) табысы жоғары елдер – Сингапур, Бруней; 2) табысы орташадан жоғары елдер - Малайзия; 3) орташа кірістер – Тайланд, Индонезия және Филиппин; 4) және табысы төмен елдер – Камбоджа, Лаос, Мьянма және Вьетнам. Оңтүстік Кореяның осы елдердің әрқайсысына өзіндік көзқарас ұстанады. ОШАМА елдеріне қатысты негізгі бәсекелестер – Қытай мен Жапония, олар Оңтүстік Кореяға ұқсас өнімдер шығарады. Саудада өзіне қолайлы жағдай жасау және басқа аймақтық ойыншылармен лайықты бәсекелесу үшін Оңтүстік Корея ОШАМА елдерімен еркін сауда туралы келісім жасады. Бизнесті жүргізудің негізгі проблемалары – әртүрлі заңнама, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мәселелері. Сонымен қатар, ОШАМА мен Оңтүстік Корея нарықтарының өзара ашылуы оңтүстік кореялық фермерлерге қауіп төндіреді, өйткені ОШАМА елдерінің көпшілігінде ауылшаруашылық өнімдері арзанырақ, бұл оңтүстік кореялық фермерлердің күйреуіне әкелуі мүмкін.
ОШАМА елдерінің нарықтарына ену үшін Оңтүстік Корея мәдениет, білім және медицинадан тұратын «жұмсақ күшті» белсенді қолданады. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея ОШАМА-ның дамушы елдеріне, әсіресе көптеген табиғи қазбалары бар елдерге даму үшін ресми көмек көрсетеді.
Түйін сөздер: Корея Республикасы, халықаралық ұйымдар, ОШАМА, ОША.