Ахмед Шауқидың өлеңдеріне герменевтикалық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.02
        109 116

Кілттік сөздер:

араб әдебиеті, Ахмед Шауқи, герменевтикалық талдау, жасырын мағына, астарлы мәтін, когнитивтік мазмұн.

Аннотация

Мақалада араб әдебиетінің өкілі, қазіргі Египет поэзиясының негізін салушы Ахмед Шауқидің (1870-1932) өмірі мен ақындық шығармашылығына жан-жақты талдау жасалған. Философиялық-лингвистикалық зерттеу барысында ақынның көркем сөзіне теориялық-герменевтикалық талдау жасау әдісі қолданылды. Герменевтикалық тәсіл өлеңдердің ішкі мағыналық жүгін, астарын ашуға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында Шауқи өлеңдерінің танымдық (білімге қатысты) мазмұны оның Мысырдың бостандығы мен тәуелсіздігіне қатысты патриоттық позициясында концептуализацияланғаны анықталды. Ақын өз елінің тарихи тағдырының жеке құрамаларын білу арқылы өзін таниды. Жаңа тұжырымдарды қамтитын мақаланың Ахмед Шауқи поэзиясын зерттеудің герменевтикалық әдісі бойынша зерттелетін ғылыми жұмыстар үшін теориялық және практикалық құндылығы бар деуге болады. Ақынның халықаралық әдебиеттегі елеулі орны болғанымен, оның тұлғасы мен шығармалары бүгінгі күнге лейін Қазақстанда зерттеу нысаны ретінде қарастырылмады.

Автордың биографиясы

Р.С. Кожабекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Қожабекова Раушан Санатқызы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
PhD докторанты, Нұр-Мүбарак университеті, Шетел филологиясы және аударма ісі
кафедрасының оқытушысы, Алматы, Қазақстан. E-mail: uarda@inbox.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Кожабекова R. (2024). Ахмед Шауқидың өлеңдеріне герменевтикалық талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 108(1), 16–24. https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.02

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ