ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.06
        126 103

Аннотация

Интеграциялық процестерді дамыту және олардың әлемдік қоғамдастықтағы рөлін арттыру саяси және экономикалық жағдайды тұрақтандыруға, табиғи ресурстық әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалануға, оның актерлерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің өсуіне, адам дамуының жаһандық индексінде аймақты құрайтын мемлекеттер рейтингіне ықпал етеді. Аймақтық мемлекетаралық интеграция сыртқы инвесторларды тарту үшін қолайлы бизнес ахуал, бірыңғай экономикалық аймақтық кеңістікті қалыптастыру үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік береді. Жаңа Жібек Жолы шеңберінде инфрақұрылымды түбегейлі жетілдіру Қазақстандағы экономикалық белсенділікті айтарлықтай жандандыруға, жүргізіліп жатқан индустрияландыруды жеделдетуге мүмкіндік береді, ілеспе жобаларға ауқымды инвестицияларды енгізеді. Сонымен қатар, аймақтық мемлекетаралық интеграция Ұлы Жібек Жолы елдерін халықаралық ынтымақтастықты дамытуға итермелей отырып, халықаралық еңбек бөлінісін жетілдіруге және тереңдетуге ықпал ететін болады және бұл интеграция жолындағы алғашқы дайындық қадамы болып табылады.

Жүргізілген зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі). Жаңа Жібек Жолы шеңберінде интеграциялық процестерді дамыту үшін алғышарттар жасау бойынша нақты қадамдар жүйесін әзірлеуге әрекет жасалды.

Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы. Дәстүрлі және жаңа экономикалық және саяси факторларды талдау негізінде аймақтық интеграциялық процестердің даму тенденциялары, сондай-ақ, аймақтық интеграцияны тежейтін заманауи қауіптер мен тәуекелдер анықталды, оларды азайтудың негізгі құралдары мен бағыттары анықталды. Зерттеу нәтижелерін енгізу жалпы аймақтың да, оны құрайтын мемлекеттердің де бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп болжануда, бұл олардың жаһандық рейтингтердегі: бәсекеге қабілеттілік, инновация және адам дамуындағы позицияларын арттыруда көрініс табуы мүмкін.

Кілт  сөздер: ынтымақтастық, интеграция, жібек жолы, аймақ, swot-талдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Ramazanov А., Krengauz, I., & Karimova, M. . (2023). ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 107(4), 52–63. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.06

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ