Қытайдағы түркология: көне түркі жазба жәдігерлерінің зерттелуі және жетекші ғалымдар
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v106.i3.08Аннотация
Қытай елі – көне түркі тарихы мен мәдениетіне қатысты мол әрі құнды деректердің ғана отаны емес, көне түркі жазба жәдігерлерін зерттеуде де қыруар жұмыс жасап, толайым табысқа жетіп отырған мемлекет. Әсіресе ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының соңғы жартысынан бастап Қытайда көне түркі жазба жәдігерлерін зерттеу ісі жаңа сапаға әрі мүлде биік сатыға көтерілді. Атап айтқанда қытай ғалымдары ежелгі дәуірдегі Күлтегін, Білге Қаған, Төнікөк ескерткіштерінің жазуы мен тілінің ерекшелігінен бастап, Шынжаң өңірінен, Орта Азия аймағынан, басқа да шетелдерден табылған, уақыт тұрғысынан орта ғасырларға тән түркі жазба жәдігерлерін, әсіресе Тұрфан өңірінен, Дунхуаңдағы Мыңүйден табылған көне түркі жазба жәдігерлерін зерттеуде елеулі жетістіктерге жеткені белгілі. Біздің бұл мақаламызда Аспан еліндегі көне түркі жазба жәдігерлеріне қатысты зерттеулер жан-жақты қарастырылады, ол еңбектердегі жаңа ойлар мен тың пікірлер, соны тұжырымдар сарапқа салынады. Сонымен бірге көне түркі жәдігерлерін зерттеу саласында талмай еңбек етіп, жалпы түркология ғылымына лайықты олжа салған, әлемдік түркология ғылымда есім-сойлары белгілі ғалымдардың басты еңбектеріне ғылыми талдау жасалады, таныстырылады.