ТОРҒҰТТАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ҚАЙТУ МАРШРУТЫ: ЦИШИИДІҢ «СИЮЙ ВЭНЬЦЗЯНЬЛУ» АТТЫ ЕҢБЕГІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.07
        213 125

Аннотация

Мақалада Цишиидің «Сиюй вэньцзяньлу» атты еңбегінің (西域闻见录«Батыс елдерінде көргендер мен естігендер туралы жазбалар») алтыншы тарауында 1771 жылы Төменгі Еділ аймағынан торғұттардың Қытайға қоныс аудару тарихына қатысты берілген материалдар талданып, қарастырылады. Зерттеу мақсаты – «Сиюй вэньцзяньлу» еңбегінде Еділ даласынан қалмақтардың көпшілігінің көшіп кету тарихына қатысты берілген маңызды және құнды мәліметтерді зерттеу, талдау және оның жаңа аудармасын ғылыми айналымға енгізу. Цишии шығармасы зерттеушілер қауымына жақсы таныс, өйткені шығарманың орыс тіліне аудармалары 1820 және 1829 жылдары жарық көрген: торғыттардың тарихына қатысты жеке үзінді аудармасы (С. В. Липовцов) және толық мәтінінің (Н. Я. Бичурин) аудармасы. Алайда, бұл екі аудармада көптеген олқылықтар мен қателердің жіберілгендігі, сондай-ақ мәтіннің бірінші басылымда маңызды мағыналық бұрмалаудың орын алғандығын атап өткен жөн.

Жұмыс барысында тақырыбымызға қатысты түрлі ғылыми еңбектердің материалдарын зерделеуде жалпылау және салыстырмалы зерттеу әдістері, сонымен қатар тарихи-хронологиялық және салыстырмалы-сыни талдаулар қолданылды. «Сиюй вэньцзяньлу» шығармасының алтыншы тарауынан үзінді «Торғұттардың бодандыққа қайта оралуының қысқаша сипаттамасы» деген атпен жаңа түсіндірмелі аудармасы ғылыми айналымға енгізілуде. Цишии атап көрсеткен тарихи топонимдер анықталып, түсіндірілмелері берілді. Мақала авторлары дереккөз мәліметтеріне сүйене отырып, торғұттардың қазақ даласы арқылы жүріп өткен жолдарының ең ықтимал бағыттарын анықтады.

Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан қаржыландыратын ғылыми жоба (грант №АР09259919) аясында дайындалған.

Түйін сөздер: торғұттардың маршруты, Цишии, Сиюй вэньцзяньлу, Убаши, Цин империясы, тарихи топонимдер, қазақ хандары

 

Жүктелулер

Как цитировать

Karimova, N., & Tulibayev, T. E. . (2023). ТОРҒҰТТАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ҚАЙТУ МАРШРУТЫ: ЦИШИИДІҢ «СИЮЙ ВЭНЬЦЗЯНЬЛУ» АТТЫ ЕҢБЕГІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 107(4), 66–76. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.07

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ