ОТБАСЫ МОДЕЛІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КРОССМӘДЕНИ НЕКЕ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ МЫСАЛЫНДА

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.012
        92 149

Аннотация

Қазіргі этникалық және этномәдени қатынастардың бірден бір формасы ретінде этносаралық неке қатынасын атауға болады. Орталық Азия елдеріндегі қазіргі полиэтникалық жағдайды ескеретін болсақ, бұл аймақтардағы кроссмәдени некелік қатынастардың орны ерекше екені анықталады. Мақаланың мақсаты Орталық Азия елдеріндегі кроссмәдени некенің отбасы моделінің трансформациясына ықпал етуін және көптеген дәстүрлі түсініктерді өзгерістерге алып келуін анықтау. Мұны аталмыш елдердің статистикалық деректері мен арнайы зерттеу еңбектерін пайдалана отырып зерттеп, қазіргі қоғамдағы кроссмәдени неке жағдайының орны мен таралуы, оның үлес салмағы мен көрсеткіштері арқылы анықталып отыр. Бұл көрсеткіштер XX ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі мәліметтер арқылы салыcтырылды. Мақалада кроссмәдени неке көрсеткіштерін анықтау үшін кросмәдени, контент салыстырулар, тарихи демографиялық және этносоциологиялық әдістер қолданылды. Сонымен қатар, Орталық Азия елдеріндегі кроссмәдени некеге тұрушы жастардың үйлену мотивтері, отбасылық проблемалары және нуклеарлы отбасылардың азаюымен көрініс беріп отырған күрделі өзгерістерге талдау жасалды. Осындай өзгерістер нәтижесінде орын алып отырған отбасылық қатынастардағы әйел мен ер адамның орны, баланың өзінің  этникалық сәйкестігін анықтаудағы ерекшеліктері көрсетілді. Беріліп отырған тақырып аясында арнайы сауалнама алынып, Қазақстандағы кроссмәдени некелік қатынастардың жағдайы қарастырылды.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhailybay, D. Z., & Yeleussizova, K. Z. (2023). ОТБАСЫ МОДЕЛІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КРОССМӘДЕНИ НЕКЕ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ МЫСАЛЫНДА. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 105(2), 109–117. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.012

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ