ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДіҢ МӘДЕНИ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.05
        142 162

Аннотация

Бұл ғылыми мақалада Ресей мен Қытай арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытудың проблемалары мен перспективаларын зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты – қазіргі әлемдік саясаттың шындығын ескере отырып, мәдениет саласындағы Ресей-Қытай ынтымақтастығының мазмұны мен болашағын, осы қатынастардың дамуын болжау мүмкіндігін талдау. Шынында да, қазіргі түрлі дағдарыстар, қақтығыстар мен соғыстар жағдайында мәдениеттің халықаралық қатынастардағы рөлі «жұмсақ күш» құралы болып табылады. Мемлекеттер бұл ресурсты өз мүдделерін ілгерілету, халықтар арасындағы өзара түсіністікті жақсарту үшін пайдаланады. Ресей мен Қытай қарым-қатынасында мәдени алмасу әрқашан ерекше орын алады. Ал XX ғасырдың ортасынан бастап мәдени дипломатия екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың ажырамас бөлігіне айналды. Зерттеу әдістемесі материалдарды кешенді талдауға негізделген. Мәдени саладағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективалары ұқсас мәдени құндылықтар мен мәдени ерекшеліктерге негізделген жаңа конструктивті идеяларды талап етеді деген қорытынды жасалды. Елдердің мәдени өзара әрекеттесуінің циклдік сипаты олардың арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынас процестерін түсіну қажеттілігін тудырады. Бүгінде Ресей мен Қытай елдер арасындағы стратегиялық әріптестік туралы мәлімдейді, мәдени сала маңызды бағыттаушы болып табылады. Жалпы мәдени қатынастардың дамуы көршінің оң имиджін қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді.

Кілт сөздер: Мәдениет, мәдениет саласы, ынтымақтастық, мәдени алмасу.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Yuanhong, X. . (2023). ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДіҢ МӘДЕНИ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 107(4), 41–51. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.05

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ