СОҒДЫ ЖАЗУЛЫ КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН БУДДА ДІНІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРМИНДЕРГЕ АНЫҚТАМА (СЕКИЗ ЙҮКМЕК ЙАРУК МӘТІНІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.04
        102 216

Аннотация

 

Мақалада соғды жазулы көне түркі тіліндегі мәтіндерде кездесетін будда дініне қатысты терминдерге анықтама беріледі. Көне ұйғыр тілінде жазылған бұл еңбектер негізінен діни аударма мәтіндер болғандықтан дін шыққан елдің тіліндегі діни терминдер, дұғалар, аяттар көптеп кездеседі. Ата-бабларымыздан қалған асыл мұраларды оқып-үйреніп, ана тілімізде ғылыми айналысқа енгізу үшін бұл терминдердің де түп-төркінін білу шарт. Мақаланың мақсаты көне ұйғыр жазулы аударма әдеби жәдігерлерде жиі кездесетін діни терминдердің (оның ішінде будда дініне қатысты) мағынасын түсіндіріп, анықтамалығын беру. Мақаламызда ғылым әлемінде кең танымал будда дінін уағыздайтын «Секиз йүкмек йарук» сутрасындағы діни терминдерді пайдаландық. Мақаланың өзектілігі бұл тақырып қазақ ғылымында қазақ тілінде бұрын-соңды қолға алынбаған, ғылыми айналысқа түспеген. Жұмысты жазу барысында Хаджер Тоқйүректің «Eski Uygur Türkçesinde Budizm Ve Manihaizm Terimleri» (Көне ұйғыр түрікшесінде Буддизм және Манихейзм терминдері), С. Клоусонның «An Etimolojical Dictionary of Pre – Thirteenth – Century Turkish» (Түркілердің 13 ғасырға дейінгі этимологиялық сөздігі), Мұрат Элмалының «Eski Uygurca Altı Dişli Fil Hikayesi» (Көне ұйғыр тіліндегі алты тісті піл хикаясы»,   және М. Өлмездің «Köktürkçe ve Eski Uygurca Dersleri» (Көктүрікше және көне ұйғыр дәрістері) еңбектері пайдаланылды. Мақалада салыстырмалы-тарихи, топтау, талдау, аудару әдіс-тәсілдері қолданылды. Бұл мақаланы «Қазақ әдебиеті тарихы», «Түркі әдебиеттері тарихы», «Түркітануға кіріспе», «Әлем әдебиеттері тарихы» пәндеріне көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға болатындықтан практикалық және теориялық маңызы өте зор.

Түйін сөздер: көне ұйғыр тілі, соғды жазуы, будда діні, діни терминдер, көне түркі әдебиеті

 

Жүктелулер

Как цитировать

Burkitbayeva, S. (2023). СОҒДЫ ЖАЗУЛЫ КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН БУДДА ДІНІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРМИНДЕРГЕ АНЫҚТАМА (СЕКИЗ ЙҮКМЕК ЙАРУК МӘТІНІ НЕГІЗІНДЕ). ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 105(2), 29–41. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v105.i2.04

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ