ОҢТҮСТІК КОРЕЯДЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ІЛГЕРЛЕТУДІҢ ЖАНА БАСТАМАСЫ: ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ САЯСАТЫН ҚАЙТА ҚОЛҒА АЛУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.07Аннотация
Технологиялары мен экономикасы дамып келе жатқан жаһандану әлемінде өнеркәсіптік революция елдердің экономикалық, әлеуметтік және демографиялық даму үдерістерін қалыптастырады. Жалпы халық саны, әсіресе Азия елдерінде өскенімен, Шығыс Азия елдерінің демографиялық құрылымдарында төмендеу байқалады. Оңтүстік Корея әлемде туу деңгейі ең төмен елдердің бірі, сондай-ақ белгілі бір салаларда жұмыс күші тапшылығын тудыратын еңбек нарығының өзгеруімен ерекшеленеді. Түрлі үкіметтердің барынша күш салғанына қарамастан, ешқайсысы елдегі жағымсыз демографиялық үрдісті қалпына келтіре алмады. Бұл мақаланың мақсаты – демографиялық көрсеткіштерді талдау арқылы Оңтүстік Корея үшін қазіргі кездегі бөгеттерге айналған теріс демографиялық үрдістердің түпкі себептерін анықтау. Демографиялық тенденциялар туралы тарихи деректермен, үкімет бастамаларының талдауымен және ағымдағы жағдайдың жиынтық шолуын қамтыған бұл мақала әртүрлі елдер тәжірибесінде тиімділігі дәлелденген балама шешімдерді ұсынады, сонымен қатар үкімет бастамаларының тиімділігін бәсеңдететін бірқатар факторларды ашады.