РЕАЛИЯ АУДАРМА ОБЪЕКТІ РЕТІНДЕ («АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНДАСЫ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.04
        117 108

Аннотация

РЕАЛИЯ АУДАРМА ОБЪЕКТІ РЕТІНДЕ («АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНДАСЫ МЫСАЛЫНДА)

«Абай жолы» романы қытай оқырманына қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін ашқан бірегей роман. Бұл мақаланың мақсаты – Мұхтар Әуезовтің баға жетпес туындысы «Абай жолы» романы мысалында реалий сөздерін аударма объектісі ретінде қарастыру. Қазақ мәдениетінің реалий сөздерін қытай тіліне аударудың негізгі әдістерін талдау аударма теориясы, сондай-ақ филология, мәдениеттану, әдебиеттану сияқты ғылымдар аясында одан әрі зерттеу үшін практикалық маңызы зор. Бұл тақырыпты зерделеу үшін жүйелік және салыстырмалы талдау әдістері, сондай-ақ жалпылау және абстракциялау әдісі қолданылды. Талдау нәтижесінде аудармашының реалий сөздерін қытай тіліне аударуда сипаттамалық аударма, транслитерация, сөз алмастыру және сөзді түсіру сияқты аударма әдістерін пайдаланғаны анықталды. Зерттеу материалдарын аударманы, тілдерді және әдебиетті оқытуға байланысты пәндерде қосымша әдебиет ретінде пайдалануға болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Saparbayeva, N., Wen, J., & Nurzhayeva, A. (2023). РЕАЛИЯ АУДАРМА ОБЪЕКТІ РЕТІНДЕ («АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНДАСЫ МЫСАЛЫНДА). ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 104(1), 28–33. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.04

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ