ЖАПОНДЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ХАБАРДАРЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРҒА КӨЗҚАРАС
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.01Аннотация
Тұрақты даму – қалдықтарды тиімсіз басқару нәтижесіндегі климаттың өзгеруі сияқты қоршаған орта проблемаларын шешуге бағытталған жаһандық мәселе болып табылады. Бұл мәселе барлық қауымдастықтар мен елдерге әсер еткенімен, оның салдары қолданылатын басқару стратегияларына байланысты ерекшеленеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – қалдықтарды басқаруға экологиялық хабардарлық пен білім беру жүйесінің әсерін зерттеу. Зерттеудің маңыздылығы қоршаған ортаны қорғау стратегияларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін егжей-тегжейлі ақпаратты береді. Авторлар зерттеу тақырыбына сәйкес ақпаратты жинақтау және алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау арықылы әдебиеттерге жүйелі шолу жүргізді. Нәтижелер Жапонияда заң шығару және экологиялық білім беруді мектеп бағдарламасына енгізу сияқты әртүрлі бастамалар арқылы қоршаған ортаны қорғаудың терең тарихы бар екенін көрсетеді. Жапон мәдениеті жеке адамдарды, ұйымдарды және қауымдастықтарды қоршаған ортаны құрметтеуге шақырғанымен, үкімет қалдықтарды азайтуды ынталандыру үшін қайта өңдеуді субсидиялау сияқты қатаң шараларды қабылдау керек. Алынған нәтижелер отандық мектептерде инновацияны ынталандыру және қалдықтарды басқаруды әркімнің жеке жауапкершілігі ретінде қарастыру үшін тиісті экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды.