Қазақстандағы қытайтану: өткені мен бүгіні
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.09Аннотация
Қытай Қазақстанның стратегиялық көршісі. Қытайды оқу Қазақстан ғылымы үшін маңызды. Қытайды жан-жақты зерттейтін шығыстану ішіндегі синология Қазақстанда салыстырмалы түрде жаңа сала болып табылады. Қытаймен ортақ шекаралас және Қытаймен тарих бойы әртүрлі қарым-қатынаста болған Қазақстан жақында ғана өзінің синология мектебін құрды. Себебі, кеңестік жүйе кезінде Қазақстанда шығыстанумен айналысатын өз институты болмаған.
Бұл жұмыстың мақсаты – қазақстандық синологияның түп-тамырын зерделеу және Қазақстан синологиясы мектебіндегі қазіргі заман тарихын тарихи-аналитикалық тұрғыдан талдау. Мақала синология тұжырымдамаларымен таныстырудан және синология тұжырымдамасы бойынша батыстық және қытайлық талқылауларды қысқаша сипаттаудан басталады. Одан кейін Кеңес дәуіріндегі синологияның тарихи эволюциясы қазақстандық синологияның тамырын ашады. Кейін Қазақстаның синология саласындағы қазіргі даму жағдайын сипаттайды және қорытындысында автор Қазақстанда синология ғылымын ілгерілету бойынша ұсыныстарды ұсынады.
Мақалада кеңестік және батыстық ғылыми дәстүрлерді жергілікті біліммен үйлестіре отырып, Қазақстанның отаршылдық мұрадан және батыстық көзқарастан ада өзіндік синология мектебін құруға үлкен мүмкіндігі бар деп тұжырымдайды.