ҚАЗАҚСТАНДА «БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» АЯСЫНДА ҚЫТАЙ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАРҚЫНДЫ ТАРАЛУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v101.i2.09
        132 100

Аннотация

ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастардың бір ерекшелігі дамыған елдердің ұзақ мерзімдік халықаралық стратегиясын жүзеге асыру үшін жұмсақ күш тәсілін қолдануынан байқалады. Мұны соңғы кезде қарқынды дамыған Қытай мемлекетінен анық аңғаруға болады.

«Жұмсақ күш» қолдануда Қытай үкіметі ұлттық тілі мен мәдениетін әлемге тарату арқылы мақсатқа жетуді көздеді. Оның бұл саясатын әлем елдерінің оңай әрі тез қабылдауының басты себебі, Қытайдың экономикалық ықпалының әлемде арта түсуінде, сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі елдермен  сауда-экономикалық байланыстарының дамуы мен өзара мүдделігінің артуында. Сондықтан  әлем елдерінің Қытайға деген қызығушылығы артып, оның тілі мен тарихи мәдениетін білуге ынтасы күшейді.

Қытай өзінің ұлттық мәдениетін әлемге тарату үшін, әлем таныған ұлы гуманист ойшыл Конфуцийдің есімімен аталатын институттар құрып, қытай тілі мен мәдениетін әлемде жалпыластыру саясатын жүргізуді қолға алды. Сонымен қытай тілін оқыту Қытайдың сыртқы саясатының маңызды мазмұнына айналды.

Тілдік саясат пен тілдік жоспарлау қай кезде болмасын ішкі және сыртқы саясаттағы бірқатар мәселелерді шешуде тиімді құрал болған және бүгінгі жаһандану жағдайында оның маңызы еселене түсті.

Соңғы жылдары сыртқы тілдік саясат мәселесінің өзектілігі күннен-күнге артып келеді және де мемлекеттердің осы бағытта жасап жатқан жекелеген әрекеттерінің орнын мақсатты түрде жан-жақты жоспарланған сыртқы тілдік саясат басып отыр. Тілдік саясаттың мақсатын, субъектілері мен құралдарын, тетіктерін, сонымен қатар оның күннен-күнге кең қолданыла бастаған «жұмсақ күш» концепциясымен арақатынасын қарастыру бүгінгі күні зерттеудің қызықты да маңызды объектісіне айналып отыр. Қазіргі заманғы геосаяси жағдайда осы салаға қатысты ҚХР-дың саясаты бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отыр.

Мақалада ҚХР-дың «Бір белдеу – бір жол» жобасының жаһандануға ұсынған жаңа үлгісі екені, экономикамен қатар гуманитарлық салаға да күш салуға ниетті екені пайымдалған. Осы жоба ұсынылғаннан кейін  Қытайдың еліміздегі қытай тілі мен қытай мәдениетін қарқынды түрде таратуға күш салып отырғаны дәйектелген.

Жүктелулер

Как цитировать

Sharipkazy, N., & Kerimbayev, E. (2022). ҚАЗАҚСТАНДА «БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» АЯСЫНДА ҚЫТАЙ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАРҚЫНДЫ ТАРАЛУЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 101(2), 91–99. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v101.i2.09

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ