Ат-Таразидің «Ядегар-и зендан я аейнейе жаһан» атты мәснәуіндегі діни сарындар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.07
        74 49

Аннотация

Мақалада кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы тұрып, азаттық үшін күрескер ретінде танылған, саяси қайраткер, дін ғұламасы Әбу Насыр Мүбашшир ат-Таразидің (1896 - 1977) «Йадгар Зандан иа айнейе жаһан» («Түрме естелігі немесе әлем айнасы») атты шығармасы парсы тілінде түпнұсқа бойынша тұңғыш рет арнайы түрде жеке қарастырылып отыр. Ауғаныстанда Кабулда түрмеде 1947 жылдың 6 қыркүйегі мен 21 қарашасы аралығында дүниеге келген. Мәснауи 4000 бәйітке жуық, егіз ұйқаспен, баһру ар-рәмәл өлшемімен маснауи жанрында жазылған. 192 бөлімге бөлініп, әрқайсысына тақырыптық атау берілген. Негізгі мазмұндық өзегі - түрмедегі ахуал, Аллаға мадақ, пайғамбарлар мен әулиелердің өнегелі жолы, қалыптасқан саяси жағдайлар, дін мәселелері. Ақын Құран аяттарына жүгініп, өлеңмен тарқата жырлайды. Мақалада келтірілген деректерді Шығыс елдері тарихын, парсы әдебиетін, Қазақстандағы ислам тарихының кеңестік кезеңін оқытуда пайдалануға болады.Зерттеудің мақсаты шығарманың басты арқауы – діни қырларын тереңдеп саралау. Нақты, жүйелі талдау әдістері қолданылды. Мәснәуидің  парсы тіліндегі түпнұсқадан үзінділер тікелей қазақ тіліне аударылып, кейбір тұстары мазмұндалып берілді. Мәтін түзіліміндегі Құран аяттарының мағыналық қырларына үңілу барысында тәпсірлер пайдаланылды. Мақала көрнекті оқымысты ат-Таразидің елеулі діни-поэзиялық мұрасын таныстыратын ғылыми жаңалығымен бағалы.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Kerim, S., & Zhemeney, I. (2022). Ат-Таразидің «Ядегар-и зендан я аейнейе жаһан» атты мәснәуіндегі діни сарындар. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 102(3), 59–67. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.07

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ